Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации

Бұйрық · № 262 · қабылданған 03.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124087/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации Қолданыста Бұйрық ·№ 262 ·03.07.2018
03.07.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации

Қолданыста Бұйрық ·№ 262 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поставок нефтепродуктов в Республику Казахстан из Российской Федерации
Атауы (қаз.)
Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
262
Қабылданған күні
03.07.2018
Көрсетілген редакция
03.07.2018 124087_344344.kaz
Соңғы өзгеріс
03.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017271
ЭКБ идентификаторы
124087
Редакция идентификаторы
124087_344344
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:49

0 Ресей Федерациясынан

Қазақстан Республикасына
мұнай өнімдерін жеткізудің
кейбір мәселелері туралы
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге Қосымшаның 9-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді (СЭҚ ТН коды 27101241 – 2710125900) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды;

2 2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат

орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

6 6) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

7

7) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестицияларжәне даму министрі
______________Ж. ҚАСЫМБЕК
4 шілде 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.СҰЛТАНОВ
11 шілде 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. СҮЛЕЙМЕНОВ
20 шілде 2018 жыл

Қолданыстағы