Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Бұйрық · № 297 · қабылданған 12.07.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124174/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 297 ·12.07.2018
25.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 297 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
297
Қабылданған күні
12.07.2018
Көрсетілген редакция
25.05.2020 124174_467204.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017291
ЭКБ идентификаторы
124174
Редакция идентификаторы
124174_467204
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:44

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_______________________ Д. Абаев
2018 жылғы «25» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_________________ Ж. Қасымбек
2018 жылғы «19» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы «13» шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы « » ______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
Міндетін атқарушы
_________________ Р. Дәленов
2018 жылғы «27» шілде

10 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 12 шілдедегі
№ 297 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

2

3

3. «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11804 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Астық темiр жол көлiгiмен келiп түскен кезде вагонның бүтiндiгi, саңылаусыздығы және пломбасының болуы тексеріледi.
Темiр жол көлiгiмен келiп түскен астық темiр жол жүкқұжатымен және сапасы туралы құжатпен (астықты талдау карточкасымен және астық иесінің қалауы бойынша астық сапасы паспортымен) бірге жүреді. Егер жолда жүк жете тексерілсе, онда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13174 болып тіркелген) бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес астық вагонды, контейнерді ашу актісімен де бірге жүреді. Темiр жол жүкқұжаты және сапасы туралы құжат әрбiр вагонға жазылады. Өлшеу нәтижелерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша вагон таразыларында жүктер өлшеудi тiркеу журналына енгiзiледi.».

1 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

2 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне

2-қосымша

Қолданыстағы