Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица
- Атауы (қаз.)
- Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 17.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.04.2023 124196_626870.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18E0004711
- ЭКБ идентификаторы
- 124196
- Редакция идентификаторы
- 124196_626870
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:29
0 Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 07 шілдедегі Заңының 10 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №73 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі №94 «Заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4497 тіркелген, 2018 жылғы 09 сәуірде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2018 жылғы 09 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімде баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
10 Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызмет үшін тариф мөлшері
Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «17» тамыздағы
№89 қаулысына
қосымша
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызмет үшін тариф мөлшері
Қызметтің
атауы
Өлшем бірлігі
Пайдалану уақыты
Тариф мөлшері, теңге
Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ)
1
1 күн
800
Ескерту:
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:
зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейінгі) – тегін;
мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;
күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%.