Құжат мәтініне өту

Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Саксаульск» и определении режима использования земель в них

Қаулы · № 1190 · қабылданған 02.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124245/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Саксаульск» и определении режима использования земель в них Қолданыста Қаулы ·№ 1190 ·02.08.2018
02.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Саксаульск» и определении режима использования земель в них

Қолданыста Қаулы ·№ 1190 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Саксаульск» и определении режима использования земель в них
Атауы (қаз.)
«Сексеуіл» компрессор стансасының күзет аймағы шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1190
Қабылданған күні
02.08.2018
Көрсетілген редакция
02.08.2018 124245_346615.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006406
ЭКБ идентификаторы
124245
Редакция идентификаторы
124245_346615
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:35

0 «Сексеуіл» компрессор стансасының күзет аймағы шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы 4-тармағына, «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы
22 маусымдағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың
5-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Сексеуіл» компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Сексеуіл» компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Арал ауданының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы 2 тамыздағы № 1190 қаулысына
1-қосымша
«Сексеуіл» компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы

Аудан атауы
«Сексеуіл»компрессор стансасының
күзет аймағы шекарасының көлемі, гектар
Оның ішінде:
жайылымы
басқа алқаптары
1
2
3
4
5
1
Арал
ауданы
25,28
18,96
6,32

7 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы 2 тамыздағы № 1190 қаулысына
2-қосымша
«Сексеуіл» компрессор стансасының
күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

Күзет аймағының атауы
Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
1
2
3
1
«Сексеуіл» компрессор
стансасының күзет аймағы
«Сексеуіл»компрессор стансасының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты
орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
1
2
3
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы