Құжат мәтініне өту

Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Аксуат» и определении режима использования земель в них

Қаулы · № 1186 · қабылданған 01.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124247/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Аксуат» и определении режима использования земель в них Қолданыста Қаулы ·№ 1186 ·01.08.2018
01.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Аксуат» и определении режима использования земель в них

Қолданыста Қаулы ·№ 1186 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ охранной зоны компрессорной станции «Аксуат» и определении режима использования земель в них
Атауы (қаз.)
«Ақсуат» компрессор стансасының күзет аймағы шекарасын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1186
Қабылданған күні
01.08.2018
Көрсетілген редакция
01.08.2018 124247_346632.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006410
ЭКБ идентификаторы
124247
Редакция идентификаторы
124247_346632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:35

0 «Ақсуат» компрессор стансасының күзет аймағы шекарасын белгілеу

және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы
4-тармағына, «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың 5-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ақсуат» компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының

1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Ақсуат» компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Қазалы ауданының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы 1 тамыздағы № 1186 қаулысына
1-қосымша
«Ақсуат» компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы

Аудан атауы
«Ақсуат» компрессор стансасының
күзет аймағы шекарасының көлемі, гектар
Оның ішінде:
жайылымы
басқа алқаптары
1
2
3
4
5
1
Қазалы
ауданы
39,64
28,14
11,50

7 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы 1 тамыздағы № 1186 қаулысына
2-қосымша
«Ақсуат» компрессор стансасының
күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

Күзет аймағының атауы
Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі
1
2
3
1
«Ақсуат» компрессор
стансасының күзет аймағы
«Ақсуат»компрессор стансасының күзет аймағында:
1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты
орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
1
2
3
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы