Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка

Өзге акт · № 4 · қабылданған 20.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124294/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 ·20.08.2018
20.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Алуа Каиндинского сельского округа города Аркалыка
Атауы (қаз.)
Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4
Қабылданған күні
20.08.2018
Көрсетілген редакция
20.02.2019 124294_390763.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NCB08015
ЭКБ идентификаторы
124294
Редакция идентификаторы
124294_390763
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:28

0 Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Алуа ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 10 шілдедегі № 01-20/594 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайынды ауылдық округінің Алуа ауылында және осы ауылдын аумағында орналасқан «Естек», «Акмарал», «Сәкен» шаруашылық қожалықтары ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін:

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Арқалық қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Қ. Бейсенов
«20» тамыз 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Е. Канапин
«20» тамыз 2018 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Арқалық
қалалық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Б. Қорғанбекова
«20» тамыз 2018 жыл

Қолданыстағы