О присвоении наименований улицам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований улицам
- Атауы (қаз.)
- Көшелерге атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 08.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2018 124320_348112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MEK03704
- ЭКБ идентификаторы
- 124320
- Редакция идентификаторы
- 124320_348112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:33
0 Көшелерге атау беру
туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Отпан ауылдық округінің Тұщыбек елді мекені халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысының негізінде Отпан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекеніндегі атаусыз көшелерге келесі атаулар берілсін:
1 1) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің орталық көшесіне «Аңшы Нұр» есімі;
2 2) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің шығысында орналасқан көшесіне «Сарықолқа» атауы;
3 3) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің батысында орналасқан көшесіне «Қызылтаң» атауы;
4
4) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлеріне арналып салынған тұрғын үйлер орналасқан көшесіне «Шипажай» атауы;
5 5) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің тау етегінде орналасқан көшеге «Қайнар» атауы;
6 6) Отпан ауылдық округі Тұщыбек елді мекенінің Ақтау-Шетпе автомобиль жолының солтүстік жағында орналасқан көшесіне «Сартаған» атауы.
2
2. «Отпан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман Р.Сармысова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.