О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата и решения маслихата Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата и решения маслихата Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 322
- Қабылданған күні
- 15.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2018 124360_349716.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18C0005947
- ЭКБ идентификаторы
- 124360
- Редакция идентификаторы
- 124360_349716
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:30
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 27-баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулыға және шешімге қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2018 жылғы 15 тамыздағы № 376/322
әкімдіктің бірлескен қаулысына
және мәслихаттың шешіміне
қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және мәслихаттың шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 109/297 «Ақтөбе облысында меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлері туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3332 тіркелген, 2010 жылғы 6 және 13 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде тиісінше жарияланған):
әкімдіктің бірлескен қаулысына және мәслихаттың шешіміне қосымшада «с.і. суармалы» және «Ақтөбе қ.» сөздері «соның ішінде суармалы» және «Ақтөбе қаласы» сөздерімен ауыстырылсын.
2
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 439/260 «Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылдық округінің Россовхоз ауылын Өрлеу ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4145 тіркелген, 2015 жылғы 16 қантарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің тақырыбында және 1-тармағында «Қурайлы ауылдық округінің» сөздері алынып тасталсын.
3
3. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516/89 «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 тіркелген, 2017 жылғы 25 қаңтарда электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
4
4. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 517/90 «Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Әбидулла Биекеновтің есімін беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарда және 1 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
5
5. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 518/91 «Ақтөбе қаласының Батыс-2 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне "Тәуелсіздік даңғылы" атауын беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5239 тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарда және 1 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
6
6. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 519/92 «Ақтөбе қаласының Заречный-3 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Жұмабек Тәшеновтің есімін беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 тіркелген, 2017 жылғы 2 және 3 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
7
7. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 520/93 «Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Аққағаз Досжанованың есімін беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5241 тіркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарда және 1 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
8
8. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 521/94 «Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-2 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Қазақай ахунның есімін беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5249 тіркелген, 2017 жылғы 2 және 3 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
9
9. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 522/95 «Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-1 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Мәдина Букееваның есімін беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5244 тіркелген, 2017 жылғы 2 және 3 ақпанда «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде тиісінше жарияланған):
орыс тіліндегі әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихаттың шешімінің кіріспесінде «самоуправлениии» сөзі «самоуправлении» сөзімен ауыстырылсын.
10
10. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2018 жылғы 22 ақпандағы № 89/253 «Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру туралы» бірлескен қаулысында және шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5899 тіркелген, 2018 жылғы 31 наурызда және 2 сәуірде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде тиісінше жарияланған):
Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Жомарт атауын беру туралы 3 схемалық карта қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне Жомарт атауын беру туралы 3 схемалық карта