Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа

Бұйрық · № 18 · қабылданған 15.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124366/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа Қолданыста Бұйрық ·№ 18 ·15.08.2018
26.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа

Қолданыста Бұйрық ·№ 18 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования, мониторинга реализации и оценки результатов государственного социального заказа
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
15.08.2018
Көрсетілген редакция
26.04.2024 124366_699102.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017315
ЭКБ идентификаторы
124366
Редакция идентификаторы
124366_699102
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:30

0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электронды түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5 5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы «___» _________

0 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 18 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;

2 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

3 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;

4

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;

5 5) мүдделер қақтығысы – тәуелсіз сарапшылардың немесе сараптамалық кеңес мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;

6 6) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7 7) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі.

2 2-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі

3

3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес ақпаратты жинаудан, белгіленген қызмет саласындағы ахуалды талдаудан, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жоспарлаудан, бюджетік өтінімге енгізуден және оны Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен қараудан тұрады.

4 4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1 1) заңдылық;

2 2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыру;

3 3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;

4 4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

5 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы.

5 5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру республикалық және жергілікті бюджетте көзделген шығыстар шегінде жүргізіледі.

6 6. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ Заңның 5-бабында көзделген салалар бойынша халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері негізінде жүзеге асырылады.

7 7. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру төрт кезеңде іске асырылады.

1 1) Бірінші кезең – ақпаратты жинау және жағдайды талдау.

Жағдайды талдау үшін:
халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау деректері. Халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды мемлекеттік органдар кемінде екі жылда бір рет жүргізеді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары;
әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды тексеру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау қорытындылары;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ресми статистикалық есептер;
әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері;
үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары;
бұқаралық ақпарат құралдарының контент-талдау нәтижелері;
тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;
«Ашық диалог» интернет-порталында сауалнамалар мен интернет-конференциялар ақпарат көздері болып табылады.
2) Екінші кезең – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау. Мемлекеттік органдар талдау негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын қалыптастырады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша тиісті жылға жоспарланатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен жария талқылау үшін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын мемлекеттік органның интернет-ресурсында жария талқылау мерзімі олар орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күннен кем емес.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен ескертулер және (немесе) ұсыныстар қаралмайды.
Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды жария талқылау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, оларды қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға cәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында жариялайды.
3) Үшінші кезең – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын уәкілетті орган жанындағы Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдар жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына енгізу.
Орталық мемлекеттік органдар жыл сайын 5 қаңтардан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария талқылаудан кейін тиісті жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) жібереді.
Уәкілетті орган Ақпаратты уәкілетті орган жанындағы Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарады.
Уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдарға құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптары бойынша уәкілетті орган жанындағы Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын жібереді.
Жергілікті атқарушы органдар Ақпаратты жыл сайын 1 тамызға дейін тиісті деңгейдегі кеңестердің қарауына шығарады.
Мемлекеттік органдар уәкілетті орган жанындағы Үйлестіру кеңесінің немесе мемлекеттік органдар жанынан құрылатын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарының тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17314 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес техникалық ерекшеліктердің жобаларын әзірлейді.
4) Төртінші кезең – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінімге қосу. Техникалық ерекшеліктерді әзірлегеннен кейін мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік өтінімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландырудың тақырыптары мен көлемін енгізеді.
Бюджет бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдар Ақпаратты жыл сайын 25 қаңтарға дейін өздерінің интернет-ресурсында орналастырады және уәкілетті органға жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі

8

8. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар жүргізеді және әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша уақтылы, сапалы шаралар қабылдау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды қамтиды.

9 9. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін мемлекеттік органдар әлеуметтік жобаны іске асыру мерзіміне байланысты күнтізбелік жылына кемінде 2 (екі) рет, бірақ 5 (бес) реттен асырмай мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізеді:

1 1) жоспарды орындау процесі (бұрын техникалық ерекшелікте көрсетілген орындалған жұмыстың және (немесе) көрсетілген қызметтің орындалған іс-шаралар тізбесіне сәйкестігі);

2 2) Стандарттың 8-тармағына сәйкес әлеуметтік жобаны іске асыру нәтижесінде нысаналы аудиторияның қанағаттану деңгейі;

3 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту;

4 4) оқыту, консультативтік, ақпараттық және әдістемелік, зерттеу-талдамалық қызметтерге, азаматтық (ресурстық) орталықтың іс-шараларын және жұмысын ұйымдастыруға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылған кезде, Стандартқа сәйкестігі көрсеткіштері бойынша жүргізеді.

Әлеуметтік жобаларға мониторинг жүргізу кезінде мынадай екі және (немесе) одан да астам құрал пайдаланылады:
индикаторлар мен күтілетін нәтижелерді талдау – жоспарланған нәтижелерді нақты деректермен салыстыру арқылы жобаның іске асырылу барысын қадағалау;
«Құпия сатып алушы» әдісі – жобаны іске асыру кезінде көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын қадағалау;
сауалнама және сұхбат – зерттелетін тақырыпқа қатысты деректерді алу мақсатында бастапқы ақпаратты жинау, жобаны іске асыруға қатысты бенефициарлардың бағалау/қанағаттану/қабылдау динамикасын анықтау және қадағалау;
құжаттаманы зерделеу – жобаның іске асырылуы туралы нақты және жан-жақты ақпарат алу және жоба бойынша ақпарат беруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығын белгілеу мақсатында ұсынылатын ақпаратты, есептерді, растайтын құжаттарды талдау;
әлеуметтік желілердің мониторингі – жоба бойынша әлеуметтік желілерде ескертпелерді немесе жарияланымдарды іздеу, сондай-ақ халық арасында ақпараттың таралуын зерделеу мақсатында, сондай-ақ жобаға қатысушылардың және (немесе) бенефициарлардың кері байланысын жинау үшін жиналған деректерді одан әрі өңдеу және талдау.
Әлеуметтік жобаның сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын кезде, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингін дербес жүзеге асырады.
Әлеуметтік жобаның сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен асатын кезде, мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың мониторингін жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар мен олардың өкілдері қатарынан тәуелсіз сарапшыларды тартады.
Тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама береді.
Тәуелсіз сарапшылар мониторингті жүзеге асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдардан жобаның техникалық ерекшелігінің талаптарына және шарттық талаптарына сәйкес ақпарат пен құжаттарды сұратады.
Бір әлеуметтік жобаның мониторингін жүзеге асыруға бір сарапшыдан артық талап етілмейді.

10

10. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі қорытындысы негізінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды дер кезінде қабылдау мен іске асыру қимылын бақылау үшін әрбір әлеуметтік жобаларға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларға есеп жасалады.

11 11. Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру қорытындысы жөніндегі ақпаратты әзірлейді және оны жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.

12 12. Мемлекеттік органдар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылу қорытындылары және нәтижелерін бағалау туралы ақпаратты өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.

4 4-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тәртібі

13 13. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау:

1 1) қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тұрғысынан әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жобаның тиімділігін анықтау;

2 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтерге қанағаттану деңгейін және әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нысаналы топтарға ықпалы деңгейін анықтау;

3 3) әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар жоспарлау үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырманы қалыптастырудың кейінгі процесіне негіздеменің болуы;

4 4) бағаланатын әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстардың беру мақсатында жүргізіледі.

14 14. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау тікелей әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама аяқталғаннан кейін көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғанға дейін жүргізіледі.

15 15. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылған барлық әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерін бағалау жүргізіледі. Іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын әлеуметтік жобалар жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша бағаланады.

16 16. Бағалауды мемлекеттік органдар жанынан азаматтық қоғам өкілдері қатарынан алдағы күнтізбелік 3 (үш) жыл мерзімге құрылатын сараптамалық кеңестер жүргізеді.

Мемлекеттік орган сараптамалық кеңесінің мүшесіне үміткерлерді іріктеу кезінде сараптамалық кеңесі жұмысына жариялылық және ерікті қатысу қағидатына негізделеді. Сараптамалық кеңесінің құрамына енгізу үшін кандидатуралар мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында сараптамалық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру жариялағаннан кейін өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.
Кандидатуралар хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынылмаған кезде, мемлекеттік орган сараптамалық кеңестің құрамын жеке-дара қалыптастырады.
Сараптамалық кеңестің алдын ала құрамы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің келісуіне енгізіледі.
Сараптамалық кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
Сараптамалық кеңесінің мүшелері мемлекеттік органға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама ұсынады.

17 17. Бағалау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуын мониторингтеу қорытындылары мен есептер негізінде жүзеге асырылады.

18 18. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау мынадай өлшемшарттар бойынша 1-ден 5-ке дейін балмен есептеледі:

1 1) әлеуметтік жобалардың орындалу нәтижелері (іс-шаралардың мазмұны мен мерзімдерінің көрсетілетін қызметтерді орындау кестесіне сәйкестігі, әдістерді, рәсімдерді сақтау, қойылған мақсаттарға қандай шамада қол жеткізілгені);

2 2) әлеуметтік маңызы бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге әлеуметтік жобалардың оң әсері (нысаналы аудиторияның мүдделілік және мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейі, әлеуметтік жобалар шеңберінде халықтың атаулы топтарын қамту, әлеуметтік міндеттерді шешудің нақты нәтижелері);

3 3) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберінде басталған қызметті жалғастыру ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы бағаланады;

4

4) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелері бойынша ұзақ мерзімді оң әлеуметтік әсердің ықтималдығы. Аталған өлшемшарт шеңберінде әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша нысаналы топтың көрсетілген қыметтерді (өнімді, нәтижені) алу процесіне қанағаттану деңгейі бағаланады.
Сараптамалық кеңесінің мүшелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әрбір жобаға бағалау жүргізеді.

19

19. Мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға cәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерінің есебін қалыптастырады және мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтер актісіне қол қою кезінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.

20 20. Әлеуметтік жобаны іске асыру қорытындылары бойынша көрсетілген қызметтер актісіне мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау есебін орналастырғаннан кейін қол қояды.

21

21. Мемлекеттік органдар жыл сайын жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, 5 шілдеге дейін және жылдың қорытындылары бойынша 5 ақпанға дейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісіті жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингі жөніндегі есепті ұсынады. Есеп Excel (Эксель) форматында қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

1 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­ры­стың жос­пар­лан­ған та­қы­ры­бы
Қар­жы­лан­ды­ру­дың жос­пар­лан­ған кө­ле­мі (мың тең­ге)
Ақ­па­рат кө­зі көр­се­ті­л­ген негіз­де­ме
Ха­лық­тың ны­са­на­лы то­бы
Кү­ті­ле­тін нәти­же
1
2
3
20__ жылғы « » _______ жағдайы бойынша

2 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік тап­сы­ры­стың жос­пар­лан­ған та­қы­ры­бы
Ав­то­рын көр­се­те оты­рып, ес­кер­ту­лер және (неме­се) ұсы­ны­стар (қы­сқа­ша маз­мұ­ны)
Ес­кер­ту­лер­дің және (неме­се) ұсы­ны­стар­дың қа­был­дан­ба­уы бой­ын­ша негіз­де­ме­сі бар мем­ле­кет­тік ор­ган­ның қо­ры­тындысы
1
2
3

3 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына

3-қосымша
Нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk?lang=kk
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Жария талқылаудан кейін 20__ жылы іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың
әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы Ақпарат
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): МӘТМ-3
Кезеңділік: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 5 қаңтардан кешіктірмей

Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы
Жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы
Жоспарланған сома (мың теңге)
Жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны
1
2
3
4
5
1-сала. Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу
1
2
Жиынында
2-сала. Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау
1
2
Жиынында
3-сала. Қоршаған ортаны қорғау
1
2
Жиынында
4-сала. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау
1
2
Жиынында
5-сала. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу
1
2
Жиынында
6-сала. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау
1
2
Жиынында
7-сала. Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету
1
2
Жиынында
8-сала. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу
1
2
Жиынында
9-сала. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау
1
2
Жиынында
10-сала. Мәдениет пен өнерді дамыту
1
2
Жиынында
11-сала. Тарихи-мәдени мұраны қорғау
1
2
Жиынында
12-сала. Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту
1
2
Жиынында
13-сала. Өздерінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу
1
2
Жиынында
14-сала. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу
1
2
Жиынында
15-сала. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу
1
2
Жиынында
16-сала. Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау
1
2
Жиынында
17-сала. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету
1
2
Жиынында
18-сала. Жануарларға жауапты қарауды қалыптастыру, оның ішінде жануарларға арналған панажайларды қолдау
1
2
Жиынында
19-сала. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту
1
2
Жиынында
20-сала. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар салалар бойынша
1
2
Жиынында
Типтік мекенжай бөлігі
Атауы __________________________ Мекенжайы _________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы ________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________

3-1 Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Жария талқылаудан кейін 20__ жылы іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы Ақпарат»

«Жария талқылаудан кейін 20__ жылы іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Жария талқылаудан кейін 20__ жылы іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы Ақпарат»

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Жария талқылаудан кейін 20__ жылы іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы Ақпарат» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын 5 қаңтардан кешіктірмей береді.

2 2. Аталған Нысанды жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылуға жоспарланған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпаратты уәкілетті органңа жеткізу болып табылады.

3 3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

4 4. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылуға жоспарланған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың атауы көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың жоспарланған сомасы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылуға жоспарланған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың қысқаша мазмұны көрсетіледі.

4 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Кімге:
_______________
_________________________
(мемлекеттік органның
атауы)
Кімнен:
_________________________
_________________________
(сарапшының тегі, аты,
әкесінің
аты (бар болған кезде)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен
мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызу)
хабарламa
Мен _____________________________________________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органмен және
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен
мүдделер қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы
ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік
қағидаттарын мүлтіксіз сақтаймын.
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органмен және
әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер
қақтығысының болуы туралы (керегінің астын сызу) хабарлаймын.
Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің
астын сызу) болып табыласыз ба (егер солай болса, онда үкіметтік емес ұйымның
атауын
көрсетіңіз):___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________.
Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып
табыласыз ба (егер солай болса, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның
атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________.
Соңғы үш жыл ішінде Сіз үкіметтік емес ұйымнан көрсетілген қызметтер немесе
тікелей қаржылық қолдау үшін төлем алдыңыз ба (егер алсаңыз, онда нақты
қандай қызметтер және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______.
Сізде үкіметтік емес ұйымның жұмыскерлерімен жақын туыстық
байланыстарыңыз бар ма (егер солай болса, жұмыскердің тегін, атын, әкесінің
атын (бар болған кезде), ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын,
туыстық деңгейін көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________.
Сізде басқа ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер болса, көрсету керек):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді және аталған
хабарламаны толтыру кезінде сенімді ақпарат беретінімді растаймын.
20___жылғы «____» _____________ Қолы ______________________

5 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Әле­умет­тік жо­ба­ның ата­уы
Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
Шарт со­ма­сы (мың тең­ге)
Мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі
Жо­ба­ны іс­ке асы­ру ке­зе­ңі
Әле­умет­тік жо­ба­ны орын­дау про­це­сі және өт­кі­зі­л­ген іс-ша­ра­лар
Нәти­же­ле­рі (қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға қан­дай дең­гей­де қол жет­кізу­ге бо­ла­ды)
Жо­ба­ның ба­ға­лау (ор­та­ша ба­ға­сы)

6 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Кімге:
____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен:
____________________________
____________________________
(сарапшының тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған кезде)
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен
мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызу)
хабарламa
Мен____________________________________________________________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органмен және
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен
мүдделер қақтығысының болмауы туралы хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы
ретінде өзімнің қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік
қағидаттарын мүлтіксіз сақтаймын.
мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік органмен және
әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер
қақтығысының болуы туралы (керегінің астын сызу) хабарлаймын.
Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің
астын сызу) болып табыласыз ба (егер солай болса, онда үкіметтік емес ұйымның
атауын
көрсетіңіз):___________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________.
Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып
табыласыз ба (егер солай болса, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның
атауын және атқаратын лауазымыңызды көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________.
Соңғы үш жыл ішінде Сіз үкіметтік емес ұйымнан көрсетілген қызметтер немесе
тікелей қаржылық қолдау үшін төлем алдыңыз ба (егер алсаңыз, онда нақты
қандай қызметтер және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________.
Сізде үкіметтік емес ұйымның жұмыскерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз
бар ма (егер солай болса, жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде),
ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
__________.
Сізде басқа ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер болса, көрсету керек):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді және аталған
хабарламаны толтыру кезінде сенімді ақпарат беретінімді растаймын.
20___жылғы «____» _____________ Қолы _______________________

7 Мемлекеттік әлеуметтік

тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
7-қосымша
Жо­ба­ның ата­уы
Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
Са­рап­та­ма­лық ке­ңес мү­ше­сі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған кез­де):
_______________________________
Тол­ты­ру кү­ні_______________
№ р/с
Ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­ры
Ба­ға­сы (ба­лы)
Тү­сі­нік­тер бе­ру/Тү­сі­нік­те­ме­лер/ұсы­ным­дар
1
Әле­умет­тік жо­ба­лар­ды орын­дау нәти­же­ле­рі
2
Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар са­ла­лар­да­ғы мақ­сат­тар­ға қол жет­кізу­ге әле­умет­тік жо­ба­лар­дың оң әсе­рі
3
Әле­умет­тік жо­ба және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма шең­бе­рін­де ба­стал­ған қыз­мет­ті жал­ға­сты­ру ық­ти­мал­ды­ғы
4
Әле­умет­тік жо­ба­ның және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді оң әле­умет­тік әсер­дің ық­ти­мал­ды­ғы
Жиы­нын­да (бал­дар­ды есеп­теу)
____________
(қолы)

8 Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау есебі

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау есебі
№ р/с
Ба­ға­лау өл­шем­шар­ты
Са­рап­та­ма­лық ке­ңе­стің ор­та­ша ба­ға­сы
Тү­сі­нік­тер бе­ру/Тү­сі­нік­те­ме­лер/ұсы­ным­дар
1
Әле­умет­тік жо­ба­лар­ды орын­дау нәти­же­ле­рі
2
Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар са­ла­лар­да­ғы мақ­сат­тар­ға қол жет­кізу­ге әле­умет­тік жо­ба­лар­дың оң әсе­рі
3
Әле­умет­тік жо­ба және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма шең­бе­рін­де ба­стал­ған қыз­мет­ті жал­ға­сты­ру ық­ти­мал­ды­ғы
4
Әле­умет­тік жо­ба­ның және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді оң әле­умет­тік әсер­дің ық­ти­мал­ды­ғы
Жиы­нын­да (бал­дар­ды есеп­теу)

9 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына

9-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/akk?lang=kk
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: 20 ___ жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингі жөніндегі есеп
Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): МӘТМ-1
Кезеңділік: жылына екі рет
Есепті кезең: 20__жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын мемлекеттік органдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 шілдеге дейін (қоса алғанда) және жылдың қорытындысы бойынша 5 ақпанға дейін (қоса алғанда)

Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма әкім­ші­сі­нің ата­уы
Әле­умет­тік жо­ба­ның ата­уы
Жос­пар­лан­ған со­ма
(мың тең­ге)
Шар­ттың со­ма­сы (мың тең­ге)
Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
Әле­умет тік жо­ба­ны орын­дау про­це­сі және нәти­же­ле­рі, оның ішін­де әле­умет­тік әсе­рі
Нәти­же­лер­ді ба­ға­лау*
әле­умет­тік жо­ба­лар­ды орын­дау нәти­же­ле­рі
әле­умет­тік ма­ңы­зы бар са­ла­лар­да мақ­сат­тар­ға қол жет­кізу­ге әле­умет­тік жо­ба­лар­дың оң әсе­рі
әле­умет­тік жо­ба және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма шең­бе­рін­де ба­стал­ған қыз­мет­ті жал­ға­сты­ру ық­ти­мал­ды­ғы
әле­умет­тік жо­ба­ның және (неме­се) әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­ның нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ұзақ мер­зім­ді оң әле­умет­тік әсер­дің ық­ти­мал­ды­ғы
Ор­та­ша балл
1
2
3
4
5
6
7
8
1-са­ла. Бі­лім бе­ру, ғы­лым, ақ­па­рат, дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы мақ­сат­тар­ға қол жет­кі­зу
1
2
Жиы­нын­да
2-са­ла. Аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғын сақ­тау, са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын на­си­хат­тау
1
2
Жиы­нын­да
3-са­ла. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау
1
2
Жиы­нын­да
4-са­ла. Жастар са­я­са­ты мен ба­ла­лар ба­ста­ма­ла­рын қол­дау
1
2
Жиы­нын­да
5-са­ла. От­ба­сы­лық-де­мо­гра­фи­я­лық және ген­дер­лік мә­се­ле­лер­ді ше­шу­ге жәр­дем­де­су
1
2
Жиы­нын­да
6-са­ла. Ха­лық­тың әле­умет­тік тұр­ғы­дан осал топ­та­рын қол­дау
1
2
Жиы­нын­да
7-са­ла. Же­тім ба­ла­лар­ға, то­лық емес және көп ба­ла­лы от­ба­сы­лар­да­ғы ба­ла­лар­ға кө­мек көр­се­ту
1
2
Жиы­нын­да
8-са­ла. Ха­лық­ты жұ­мыспен қам­ту­ды қам­та­ма­сыз ету­ге жәр­дем­де­су
1
2
Жиы­нын­да
9-са­ла. Аза­мат­тар мен ұй­ым­дар­дың құқық­та­рын, заң­ды мүд­де­ле­рін қор­ғау
1
2
Жиы­нын­да
10-са­ла. Мә­де­ни­ет пен өнер­ді да­мы­ту
1
2
Жиы­нын­да
11-са­ла. Та­ри­хи-мә­де­ни мұ­ра­ны қор­ғау
1
2
Жиы­нын­да
12-са­ла. Қо­ғам­дық ке­лі­сім­ді және жал­пы­ұлт­тық бір­лік­ті ны­ғай­ту
1
2
Жиы­нын­да
13-са­ла. Өзде­рі­нің есе­бін­де тұ­ра­тын адам­дар­ға әле­умет­тік-құқық­тық кө­мек көр­се­ту ке­зін­де про­ба­ция қыз­ме­тіне жәр­дем­де­су
1
2
Жиы­нын­да
14-са­ла. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту са­па­сы­на қо­ғам­дық мо­ни­то­ринг жүр­гі­зу
1
2
Жиы­нын­да
15-са­ла. Аза­мат­тық қо­ғам­ды да­мы­ту­ға, оның ішін­де үкі­мет­тік емес ұй­ым­дар қыз­ме­ті­нің ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға жәр­дем­де­су
1
2
Жиы­нын­да
16-са­ла. Во­лон­тер­лік ба­ста­ма­лар­ды да­мы­ту және қол­дау
1
2
Жиы­нын­да
17-са­ла. Өмір­лік қиын жағ­дай­да жүр­ген адам­ға (от­ба­сы­на) кө­мек көр­се­ту
1
2
Жиы­нын­да
18-са­ла. Жа­ну­ар­лар­ға жа­у­ап­ты қа­ра­уды қа­лып­та­сты­ру, оның ішін­де жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған па­на­жай­лар­ды қол­дау
1
2
Жиы­нын­да
19-са­ла. Қа­за­қы ит тұқым­да­рын сақ­тау және өсі­мін мо­лай­ту
1
2
Жиы­нын­да
20-са­ла. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на қай­шы кел­мей­тін өзге де әле­умет­тік ма­ңы­зы бар са­ла­лар бой­ын­ша
1
2
Жиы­нын­да
Типтік мекенжай бөлігі
Атауы ___________________________ Мекенжайы ________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы ________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
________________

9-1 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

«20__ жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингі бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар мониторингі жөніндегі есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жылына екі рет 5 шілдеге дейін (қоса алғанда) және 5 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) береді.

2 2. Аталған Нысанды жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың мониторингін жүзеге асыру болып табылады.

3 3. Нысанға бірінші басшы қол қояды, ал ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2 2. Нысанды толтыру жөнінде түсіндірме

4 4. Нысанның 2-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалары бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы көрсетіледі.

5 5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын және (немесе) іске асырылған әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың атауы көрсетіледі.

6 6. Нысанның 4-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың жоспарланған сомасы көрсетіледі.

7 7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың шарттық сомасы көрсетіледі.

8 8. Нысанның 6-бағанында өнім берушінің атауы көрсетіледі.

9

9. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру процесі мен нәтижелері көрсетіледі, сондай-ақ жылдың қорытындысы бойынша есепті 5 ақпанға дейін берген кезде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың оң әсері көрсетіледі.

10 10. *Нысанның 8-бағаны жылдың қорытындысы бойынша есепті 5 ақпанға дейін берген кезде толтырылады және жобаның нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша балдар көрсетіледі.

Қолданыстағы