О присвоении наименований безымянным улицам некоторых микрорайонов поселка Зачаганск города Уральска
Қолданыста
Өзге акт
·№ 4
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименований безымянным улицам некоторых микрорайонов поселка Зачаганск города Уральска
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір шағын аудандарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 22.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2018 124394_348645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZAA05325
- ЭКБ идентификаторы
- 124394
- Редакция идентификаторы
- 124394_348645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:27
0 Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір
шағын аудандарының атаусыз көшелеріне
атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының
әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Зачаган кенті халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, кент әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Орал қаласы Зачаган кентінің кейбір шағын аудандарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
1 1) «Арман» шағын ауданы бойынша:
«№7А» жобалық көшесі – «Серпер» көшесі;
«№7Б» жобалық көшесі – «Беркінғали Атшыбаев» көшесі;
«№7В» жобалық көшесі – «Ғұмар Есенғұлов» көшесі;
«№104» жобалық көшесі – «Дарабоз» көшесі;
2 2) «Балауса» шағын ауданы бойынша:
«№10» жобалық көшесі – «Ахмедғали Мәметов» көшесі.