О снятии ограничительных мероприятий на территории села Бірлік Таскалинского сельского округа Таскалинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Бірлік Таскалинского сельского округа Таскалинского района
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 114
- Қабылданған күні
- 06.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.09.2018 124443_349255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZKE05332
- ЭКБ идентификаторы
- 124443
- Редакция идентификаторы
- 124443_349255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:18
0 Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 тамыздағы №646 ұсынысы негізінде, Тасқала ауылдық округінің әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында мүйізді ірі қара малынан бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы №34 «Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5061 болып тіркелген, 2018 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.