Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)» Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 194 · қабылданған 10.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124518/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)» Западно-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 194 ·10.08.2018
20.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)» Западно-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 194 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства)» Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
194
Қабылданған күні
10.08.2018
Көрсетілген редакция
20.05.2020 124518_463174.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18Z0005330
ЭКБ идентификаторы
124518
Редакция идентификаторы
124518_463174
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:32

0 Батыс Қазақстан облысының «Акваөсіру (балық өсіру)

өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2

2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.А.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

2018 жылғы «10» тамыздағы № 194
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №63 «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 30 наурызда №16693 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3 3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4 4. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 1 және 2 – қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық поштаға жолданады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) ұсынуы болып табылады.
Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

7 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама мемлекеттік қызмет алушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Нәтижесі – өтінімнің қабылданғанын растау туралы хабарлама;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады және субсидия аудару туралы хабарлама жолдайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартады.
Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарламаның жолдануы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тарту;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімі субсидия төлеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – субсидия төлеуді жүзеге асыру.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

8 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру бөлімі.

9

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенттің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының өтініш білдіру тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) және парольдің порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;

2 2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН немесе БСН және паролін (авторландыру процесі) енгізуі;

3 3) 1-шарт – порталда ЖСН немесе БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығы тексеріледі;

4 4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың нысаны экранға шығады және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, көрсетілетін қызметті алушы нысанды толтырады, сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;

6 6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығы, сондай-ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігі тексеріледі;

7 7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның порталда түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

8 8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттары (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО-ға жолданады;

9 9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімді (өтпелі өтінімді) тексереді;

10 10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде (өтпелі өтінімінде) кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;

11 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алады.

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

11 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Стандарттың 3-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Стандарттың 4-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.

«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
«Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Қолданыстағы