Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 565 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124529/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 565 ·14.09.2018
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 565 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
565
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
03.06.2022 124529_578248.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000565
ЭКБ идентификаторы
124529
Редакция идентификаторы
124529_578248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қосылу жолымен байқау кеңесін енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;

2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізуді;

2 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

2 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
7-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы».

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы