Об утверждении перечня месторождений (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, отнесенных к категории низкорентабельных, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня месторождений (группы месторождений, части месторождения) твердых видов полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, отнесенных к категории низкорентабельных, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 569
- Қабылданған күні
- 17.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2020 124538_480022.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000569
- ЭКБ идентификаторы
- 124538
- Редакция идентификаторы
- 124538_480022
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:12
0 Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 569 қаулысымен
бекітілген
Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі
Р/с №
Кен орнының атауы
Келісімшарттың нөмірі және күні
Пайдалы қазбаларың атауы
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың мөлшерлемесі
Жер қойнауын пайдаланушы
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерінің қолданылу кезеңі
1.
Қоңырат
1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243
мыс
1,5%
«Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін
күміс
1,6%
қорғасын
2,0%
2.
Белоусов
1998 жылғы 30 қыркүйектегі № 245
мыс
1,2%
«Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін
күміс
1,6%
алтын
2,1%
мырыш
1,2%
3.
Саяқ-1
1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 243
мыс
1,5 %
«Қазақмыс» корпорциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін
күміс
1,6 %
алтын
2,0 %
4.
Шатыркөл
2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 583
мыс
1,8 %
«Қазақмыс» корпорциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін
күміс
1,5 %
алтын
1,5 %
5.
Арқалық, Солтүстік, Төменгі Ашут, Жоғарғы Ашут, Үштөбе
1998 жылғы 29 мамырдағы № 188
алюминий
0 %
«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін
галий
0%
6.
Шығыс Аят
2006 жылғы 26 шілдедегі № 2119
алюминий
0 %
«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін
галий
0 %
ванадий
0 %
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 569 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 392-құжат).
2. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1405 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 85-86-87, 726-құжат).
3. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 183-құжат).
4. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 438 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 229-құжат).
5. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 және «Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 579-құжат).
6. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 8-9-10, 43-құжат).
7. «Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлері кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 309 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 147-құжат).