Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Ардагер села Буркутты и улицы Борлыбулак населенного пункта Борлыбулак Киргизского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории улицы Ардагер села Буркутты и улицы Борлыбулак населенного пункта Борлыбулак Киргизского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Қырғыз ауылдық округі Бүркітті ауылының Ардагер көшесінің және Борлыбұлақ елді мекенінің Борлыбұлақ көшесінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02
- Қабылданған күні
- 05.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2018 124553_378542.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KML04935
- ЭКБ идентификаторы
- 124553
- Редакция идентификаторы
- 124553_378542
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:19
0 Қырғыз ауылдық округі
Бүркітті ауылының Ардагер көшесінің
және Борлыбұлақ елді мекенінің
Борлыбұлақ көшесінің аумағында
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылының Ардагер көшесінің және Борлыбұлақ елді мекенінің Борлыбұлақ көшесінің аумағында ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Т.Ж. Көпжасаров
2018 жыл 05 қыркүйек