О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 523
- Қабылданған күні
- 25.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2020 124606_441647.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000523
- ЭКБ идентификаторы
- 124606
- Редакция идентификаторы
- 124606_441647
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:25
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін орналастырылған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылық қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының сауықтыру бағдарламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға қолданылмайды.»;
«Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары
Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобалар бойынша кредиттерді кепілдендіру тетігін қолдана алады.».
2 2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:
кіріспенің үшінші бөлігінде:
3.3) және 3.4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3.3) жаңа мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жол» бағдарламасы); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жер» бағдарламасы)»;
«3.4) қолданыстағы және өзектілендірілген бағдарламалар: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ); «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «БЖК-2020» бағдарламасы);»;
«Жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары» деген 1.3.2-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3.2. «Жаңа мемлекеттік бағдарламалар – 2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы»;
«Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы» деген 1.3.3-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1.3.3. «Нақтыланған мемлекеттік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы»;
«Нақтыланған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар – ИИДМБ, «БЖК-2020» бағдарламасы» деген 1.3.3-кіші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы».
3
4
5 5. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 603 қаулысында:
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды берумен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беру үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары»;
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.».
6 6. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 131 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын кредиттей отырып «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін кейіннен «ҚДБ-Лизинг» «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары»;
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 10 (он) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі-Лизинг» АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.».
7 7. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 88 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру мақсатында «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамына кредит беру үшін «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттары»;
1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бюджеттік кредитті берудің мақсаты қарыз алушының «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін 9 (тоғыз) жыл мерзімге жылдық 0,2 % сыйақы мөлшерлемесімен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ға кейіннен кредит беру үшін жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесімен «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамына кейіннен кредит беруі болып табылады.».
1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
2-қосымша
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
3-қосымша
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
4-қосымша
5 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
5-қосымша
6 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
6-қосымша
7 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
7-қосымша
8 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
8-қосымша
9 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
9-қосымша
10 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
10-қосымша
11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
11-қосымша
12 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысына
12-қосымша