Об определении единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении единого организатора государственных закупок и перечня работ и услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5590
- Қабылданған күні
- 07.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2019 124609_407033.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CA000204
- ЭКБ идентификаторы
- 124609
- Редакция идентификаторы
- 124609_407033
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:18
0 Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер - Ақтөбе қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3 3. «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ұ. Мыңбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 5590 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ р/т
Атауы
1
Жұмыстар
1.1
жаңа объектілер салу, қолданыстағы құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу
1.2
қолда бар объектілерді орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары
1.3
объектілердің құрылысына және реконструкциясына арналған
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу немесе қолда бар
жобалау-сметалық құжаттаманы түзету
1.4
құрылыс объектілері жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы
1.5
абаттандыру мен көгалдандыру объектiлерiн салу
2
Қызметтер
2.1
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді
2.2
абаттандыру мен көгалдандыру