Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера на территории Байганинского района

Өзге акт · № 19 · қабылданған 11.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124610/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера на территории Байганинского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 ·11.09.2018
20.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера на территории Байганинского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 19 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера на территории Байганинского района
Атауы (қаз.)
Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
11.09.2018
Көрсетілген редакция
20.08.2019 124610_418071.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CD000181
ЭКБ идентификаторы
124610
Редакция идентификаторы
124610_418071
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:16

0 Байғанин ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Байғанин ауданының әкiмдiгi жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы отырысының 2018 жылғы 29 тамыздағы № 3 хаттамасы негiзiнде, аудан аумағындағы елді мекендердің тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Байғанин ауданының әкiмі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Байғанин ауданының аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Байғанин ауданы әкiмiнiң орынбасары Ж. Жаңабай тағайындалсын және осы шешiмнен туындайтын тиiстi iс-шараларды жүргiзу тапсырылсын.

3 3. «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы