Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики определения размера государственного заказа на обеспечение студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования местами в общежитиях

Бұйрық · № 465 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124624/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Методики определения размера государственного заказа на обеспечение студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования местами в общежитиях Қолданыста Бұйрық ·№ 465 ·14.09.2018
19.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики определения размера государственного заказа на обеспечение студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования местами в общежитиях

Қолданыста Бұйрық ·№ 465 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики определения размера государственного заказа на обеспечение студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования местами в общежитиях
Атауы (қаз.)
Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
465
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
19.03.2025 124624_752156.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017380
ЭКБ идентификаторы
124624
Редакция идентификаторы
124624_752156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген

іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 465 бұйрығымен
бекітілген
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.

2 2. Әдістемеде мынадай ұғым пайдаланылады:

1

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері үшін жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтерге арналған ақшалай төлемдер.

2 2-тарау. Мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау алгоритмі

3

3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландыру көлемі жатақханадағы орындардың саны мен жатақханадағы бір орынға өтемақы мөлшерінің көбейтіндісі ретінде анықталады. Бұл ретте мемлекеттік тапсырысты орналастырудың алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер түзету коэфициентін ескере отырып, ал кейін жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты орналасқан орындары үшін жүзеге асырылады. Егер төлем айы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қысқы және жазғы каникулдар кезеңіне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қысқы немесе жазғы каникулдарының алдындағы соңғы оқу айындағы жатақханадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері нақты орналасқан орындар туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.

4

5 5. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы, мемлекеттік тапсырыстың ай сайынғы мөлшерін есептеу жатақхана салу және реконструкция жасау кезінде мынадай формулалар бойынша есептеледі:

ҚОС = ЖНОО × ТК,
мұнда:
ҚОС - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айда қаржыландырылатын орындар саны, оның ең жоғарғы мөлшері жатақханадағы орындардың жалпы санынан аспайды;
ЖНОО - жатақханадағы нақты орналасқан орындар;
ТК - түзету коэффициенті, оның мөлшері екіге тең;
АМТМ = МТЖМ × ҚОС / АС,
мұндағы:
АМТМ - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айдағы ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
МТЖМ - жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері:

1

1) сейсмикалық қауіптілігі 9 және одан да көп балды құрайтын, сондай-ақ типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан асатын республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салған жағдайда:
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 230 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;

2 2) астананы қосқанда, өзге елді мекендерде құрылыс салған жағдайда:

республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 195 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;

3

3) типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 процентінен асатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 92 еселенген мөлшерін;

4 4) өзге елді мекендерде реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерін құрайды;

АС - он екі айдан тұратын жылдағы айлар саны.

5-1

5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдайды және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне, оның ішінде қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыруды көздейтін мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер жатақханадағы орындардың жалпы саны туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
ТЖжШШАМТМ = МТЖМ × ЖҚ / АС,
ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМn,
ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМ1n,
мұндағы:
ТЖжШШАМТМ – төтенше жағдай және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне арналған ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
АМТМn – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі айдағы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
АМТМ1n – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі ай өткеннен кейін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
ЖҚ – жатақхананың жобалық қуаты.

6 6. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

АМТМ1 = АМТМ × ЖНОО / АС,
мұнда:
АМТМ1 - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері.

Қолданыстағы