О некоторых вопросах реализации и защиты прав лиц с инвалидностью
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах реализации и защиты прав лиц с инвалидностью
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/2
- Қабылданған күні
- 23.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2024 124639_710965.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KC004942
- ЭКБ идентификаторы
- 124639
- Редакция идентификаторы
- 124639_710965
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:27
0 Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту:
1 1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары:
қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;
аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.
2 2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.