Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 242-VI
- Қабылданған күні
- 27.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2026 124691_812516.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18T0004239
- ЭКБ идентификаторы
- 124691
- Редакция идентификаторы
- 124691_812516
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:25
0 Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 569-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихат кезектен тыс XXIV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаттың экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Ихсанов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Атырау облыстық мәслихаттың
2018 жылғы 27 тамыздағы
№242-VI шешіміне қосымша
Каспий теңізінің және Жайық, Қиғаш, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейндерінің жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері
№п/п
Арнаулы су пайдаланудың түрі
Өлшем бірлігі
Төлем ставкалары
1
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/1000 текше метрі
143
2
Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (өндірістік қажеттіліктер)
теңге/1000 текше метрі
817,0
3
Ауыл шаруашылығы
теңге/1000 текше метрі
115,1
4
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
теңге/1000 текше метрі
111,3
5
Су көлігі
теңге/1000 текше километрі
27,8