Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил внесения топологий в Государственный реестр топологий интегральных микросхем и выдачи свидетельств о регистрации, удостоверений авторов

Бұйрық · № 1342 · қабылданған 29.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124694/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил внесения топологий в Государственный реестр топологий интегральных микросхем и выдачи свидетельств о регистрации, удостоверений авторов Қолданыста Бұйрық ·№ 1342 ·29.08.2018
21.10.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил внесения топологий в Государственный реестр топологий интегральных микросхем и выдачи свидетельств о регистрации, удостоверений авторов

Қолданыста Бұйрық ·№ 1342 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил внесения топологий в Государственный реестр топологий интегральных микросхем и выдачи свидетельств о регистрации, удостоверений авторов
Атауы (қаз.)
«Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1342
Қабылданған күні
29.08.2018
Көрсетілген редакция
21.10.2022 124694_599046.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017397
ЭКБ идентификаторы
124694
Редакция идентификаторы
124694_599046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:21

0 «Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы»

«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары бекітілсін.

2 2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 29 тамыздағы
№ 1342 бұйрығымен
бекітілген
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) 2001 жылғы

29 маусымдағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы заң) сәйкес әзірленген және Интегралдық микросхемалар топологияларының Мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу және тіркелгені туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беруді белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) интегралдық микросхема – электрондық схема функцияларын орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бөлiнбейтiн етiп бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде қалыптастырылған;

2 2) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi – топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;

3 3) құқық иеленушi – автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;

4 4) өтінім – интегралдық микросхема топологиясын тіркеу туралы өтінім;

5

5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

6 6) «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

7 7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2 2-тарау. «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

3

3. «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

4

4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы қағидалардың 1-қосымшасындағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген қосымша құжаттарымен осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтінішті көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жолдайды.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі тізбеде келтірілген.

Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің «newscab.kazpatent.kz» ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы жіберген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранысты қабылдау күйі автоматты түрде «жеке кабинетте» көрсетіледі.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішке көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте автоматты түрде тіркеу нөмірі енгізіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі көрсетілетін қызметті беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Тексеру және тиісті құжаттарға ақы төлеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама дайындайды және осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

8

8. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

9 9. Мемлекеттiк көрсетілген қызметтiң нәтижелерiмен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4 4-тарау. Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу

10

10. Топологияларды тіркеу туралы шешімнің негізінде куәлік беру жөнінде «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК) қызметіне төлем расталған кезде Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - мемлекеттік тізілім) «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК топология бойынша мәліметті оған реттік нөмір бере отырып, енгізеді.

11 11. Топологияларды тіркеу кезінде мемлекеттік тізілімге мынадай мәліметтер енгізіледі:

1 1) тіркелген топология мен интегралдық микросхеманың атауы;

2 2) топологияның тіркеу нөмірі;

3 3) топологияның мемлекеттік тіркелген күні;

4 4) топология өтінімінің нөмірі;

5 5) тіркеу туралы мәліметтің жарияланған күні;

6 6) құқық иегері (-лері) туралы мәліметтер: ұйымның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), орналасқан елдің, құқық иегерлерінің тұрғылықты жері бойынша кодын көрсете отырып;

7 7) автор (лар) туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұратын елінің кодын көрсету (егер автор (лар) мұндай деп аталмаған болса;

8 8) патенттік сенім білдірілген өкіл немесе басқа өкіл туралы ақпарат;

9 9) реферат.

5 5-тарау. Тіркеу туралы куәліктерді, авторлардың куәліктерін беру

12 12. Мемлекеттік тізілімге енгізілген мәліметтер негізінде «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК осы қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік береді. Куәлік қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.

«ҰЗМИ» ШЖҚ РМК құқық иесіне не оның өкіліне сенімхат (егер өтінімді өкілдің өзі берген жағдайда) немесе сенімхаттың көшірмесі бойынша (егер өтінім патенттік сенім білдірілген өкілге берілсе), «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК-на төлем құжаты келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде куәлікті жібереді (береді).

13 13. Куәлікте:

1 1) куәліктің реттік нөмірі;

2 2) топологияның атауы;

3 3) құқық иегерінің - жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және/немесе заңды тұлғаның толық атауы;

4 4) автордың (-лардың) - тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);

5 5) өтінім нөмірі;

6 6) алғашқы коммерциялық пайдалану күні (болған жағдайда);

7 7) тіркеу күнін көрсетеді.

14 14. Егер құқық иеленушілер бірнешеу болса, онда тіркеу туралы куәлік топологияны тіркеуге арналған өтініште бірінші көрсетілген құқық иеленушіге жіберіледі.

Өз атына топологияларды тіркеу талап етілетін бірнеше тұлға болған жағдайда, оларға бір куәлік беріледі.

15 15. Құқық иесі болып табылмайтын топологияның авторына «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК автордың куәлігін осы қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес береді.

16 16. Автордың куәлігі өтініш иесіне, куәлікті беруге өтінімде көрсетілген топологияның әр авторына автордың куәлігін беруге дайындық жөнінде «ҰЗМИ» ШЖҚ РМК қызметіне төлем расталған кезде беріледі.

1 «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік
тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекеттік
қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық зи­ят­кер­лік мен­шік ин­сти­ту­ты» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны (бұ­дан әрі – «ҰЗ­МИ» ШЖҚ РМК).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы.
3
Көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
Ин­те­грал­дық мик­ро­схе­ма­лар то­по­ло­ги­я­ла­рын тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
«Ин­те­грал­дық мик­ро­схе­ма­лар то­по­ло­ги­я­ла­рын құқық­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 4-1-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін және уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​adilet.​gov.​kz және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ре­сми сайт­та­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған то­по­ло­ги­я­лар­ды қор­ғау са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­тер­ге және ба­ға­лар­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке және Заң­ға сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер қа­был­дау мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) осы қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес же­ке және (неме­се) заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші;
2) се­нім­хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі егер мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш өкіл ар­қы­лы бе­ріл­се;
3) ре­фе­рат­ты қо­са ал­ған­да, то­по­ло­ги­я­ны сәй­кестен­ді­ре­тін ма­те­ри­ал­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі.
Тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға және бiрың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры уәкі­лет­ті ор­ган­ның www.​adilet.​gov.​kz және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​kaz​pate​nt.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да көр­се­ті­л­ген.

2 Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік

тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
КІРІС НӨМІРІ
Түсу күні: ____
20 _____ жылғы ________
Түскен күні: _______. _________. 20______
(21) Өтінімнің ТІРКЕУ нөмірі
_________________________
(22) ҰСЫНУ КҮНІ
__________________________
Интегралдық микросхема топологиясын тіркеуге
Ө Т I Н I Ш
ХАТ АЛМАСУ МЕКЕНЖАЙЫ (Пошталық индекс, Қазақстан Республикасының аумағында мекенжайы, фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе адресаттың аты)
Тел.:
Факс:
Электрондық пошта мекенжайы:
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтініш беруші тіркеуге ұсынылған объектіде мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің жоқтығын растайды және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті мақсаттарда тіркелетін объектіні сәйкестендіретін материалдарды қағаз тасығышта және электрондық тасығышта жазу, оның ішінде электрондық-есептеу машинасының жадына жазу жолымен қайта шығару құқығын береді.
1. ТІРКЕЛГЕН ТОПОЛОГИЯ МЕН ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА АТАУЫ:
БАЛАМАЛЫ АТАУ:
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУ:
2. ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІ (ӨТІНІШ БЕРУШІ (ЛЕР) БИЗНЕС СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ: _______________________________ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ СӘЙКЕСТЕНДІРУ (ЖЕКЕ) НӨМІРІ: _________________
Жеке басын куәдандыратын құжаттың нөмірі: ___________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде) және тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін) немесе заңды тұлғаның атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес) және орналасқан жері (заңды тұлға үшін), елдің атауын қоса алғанда көрсетіледі. Автор (лар)-өтініш берушінің(лердің) тұрғылықты жері туралы деректер 5А бағанында келтіріледі)
3. ТІРКЕУ ТОПОЛОГИЯСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ НЕГІЗІ
(белгілеу [Х]) (егер өтініш беруші заңды тұлға болса немесе өтініш берушілердің құрамы авторлардың құрамына сәйкес келмесе)
өтінім беруші жұмыс беруші болып табылады автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқығын өтініш берушіге беру
құқық беруші өтінім берушіге жұмыс беруші жанжақты мұрагерлік тәртібімен (мұрагерлік, қайта құру)
өтінім беруші автор болып табылады
Басқаларды көрсету
4. МЕСТО И ДАТА ПЕРВОГО ИСПОЛЬЗОВАНИЯ РЕГИСТРИРУЕМОЙ ТОПОЛОГИИ
Ел: _____________________________________________________ күні: айы: жылы:
5. АВТОРЛАР Барлық авторлар _____ авторлар осылай аталуға бас тартса
АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
Туған жылы: күні: айы: жылы: Азаматтығы:
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі мен мемлекетін көрсете отырып, тұрғылықты мекенжайын:
Тіркелген топологияны құруға автордың шығармашылық үлесінің қысқаша сипаттамасы:
6. ТОПОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ КҮНІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚИЕЛЕНУШІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):
Азаматтығы:
Мекенжайы: Телефоны:
6А. ҚОРҒАЛҒАН ТОПОЛОГИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (осы топологияны құру кезінде пайдаланылады)
7. «ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ИНСТИТУТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
КӘСІПОРНЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АҚЫСЫ
төленген төленбеген
ТӨЛЕУШІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ (жеке тұлғаның аты-жөні (егер бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы):
жеке тұлға үшін
Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі:
заңды тұлға үшін
БСН:
БСК:
БСК:
ЖСН:
8. ҮШІНШІ ТАРАПТАРҒА ЖЕТКІЗУ ҮШІН БАЙЛАНЫС РЕКВИЗИТТЕРІ (телефон, электронды пошта және т.б.):
9. ӨТІНІМ БЕРУШІНІҢ ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІНІҢ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ӨКІЛІНІҢ ҚОЛЫ
_______________________________________
_______________________________________
__________________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атынан өтінішке ұйым басшысына немесе оны уәкілеттік берген басқа тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің лауазымын көрсете отырып және мөрмен бекітілген жағдайда заңды тұлғаның мөрімен куәландырылады.
Кез-келген тұлғаның қолы, аты-жөні мен аты-жөні және өтінішке қол қойылған күні көрсетілуге тиіс.
Құқық иеленушілер - жеке тұлғалар, осы өтініште көрсетілген жеке деректерді мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мақсаттар мен көлемдерге, сондай-ақ тіркелген объектіге айрықша құқықтың қолданылу кезеңінде қолдануға келісетіндігін растайды)

3 Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік
тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін
қызметті берушінің қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8
БСН: 020940003199
КБЕ: 16
ТБК: 859
Банк атауы, ЖСК, БСК: «Нұрбанк» акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX
«Қазақстанның Халық Банкі» акционерлік қоғамы KZ386010111000288323 HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX
«Bereke Bank» акционерлік қоғамы KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA
Астана қаласындағы «ForteBank» акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

4 «Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу» мемлекетік қызметін көрсету туралы ХАБАРЛАМА

Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне топологияларды енгізу
және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Мекенжай
«Интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу»
мемлекетік қызметін көрсету туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының _ бабының _ тармағына сәйкес № _ Интегралдық микросхема топологиясы Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгенін хабарлайды.
Қосымша:
(Электрондық цифрлық қолтаңба)

5 Өтінішті одан әрі қараудан ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

Интегралдық микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізіліміне топологияларды енгізу
және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Мекенжай
Өтінішті одан әрі қараудан
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ____________ байланысты, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартылғанын хабарлайды.
Қосымша:
(Электрондық цифрлық қолтаңба)

6 Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік

тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
артқы жағы

7 Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік

тізіліміне топологияларды енгізу және тіркеу туралы куәліктерді,
авторлардың куәліктерін беру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
артқы жағы

Қолданыстағы