Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района

Ереже · № 245/6 · қабылданған 13.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124702/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района Қолданыста Ереже ·№ 245/6 ·13.08.2018
12.12.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района

Қолданыста Ереже ·№ 245/6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Железинского района
Атауы (қаз.)
Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
245/6
Қабылданған күні
13.08.2018
Көрсетілген редакция
12.12.2023 124702_672159.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18PF006051
ЭКБ идентификаторы
124702
Редакция идентификаторы
124702_672159
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:31

0 Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы

ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин ауданы мәслихатының әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

Железин ауданы мәслихатының
2018 жылғы 13 тамыздағы
№ 245/6 шешімімен
бекітілген
Железин ауданының Құрмет грамотасымен
наградтау туралы ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Железин ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну және оны тапсыру тәртібін анықтайды.

2

2. Құрмет грамотасымен Железин ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.

3

3. Аудан мәслихатына Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымдарды аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімі, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан аумағында қызмет жасайтын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, ауданның ауылдық округтерінің әкімдері, ауданның қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалы органдары енгізеді.

4 4. Белгіленген үлгідегі награда парағында марапатталушының жеке басы, саладағы және берілген ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, оның нақты сіңірген еңбектері, жұмысының сапасы мен тиімділігі туралы деректер мазмұндалады.

Награда парағына кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

2 2-тарау. Железин ауданының Құрмет грамотасының сипаттамасы

5 5. Құрмет грамотасының формасы:

қазақ тілінде: Железин ауданының Құрмет грамотасы;
орыс тілінде: Почетная грамота Железинского района.
Құрмет грамотасы қосымша жапсырмасы бар, сыртқы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар көгілдір түсті папкадан тұрады.
Қосымша жапсырма баспаханалық тәсілмен кеңейтілген түрінде қалың жылтыратылған қағаздан дайындалады. Қосымша жапсырманың сыртқы жағының жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ тілінде «Железин ауданы» және төменгі бөлігінде орыс тілінде «Железинский район» жазулары бейнеленген.
Қосымша жапсырманың ішкі жағының оң және сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және сол жағында қазақ тілінде «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және оң жағында орыс тілінде «ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА» жазулары бар.
Қосымша жапсырманың сол жағынан қазақ тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.
Қосымша жапсырманың оң жағынан орыс тілінде марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және сіңірген еңбектерін атап көрсету үшін орын белгіленген.

3 3-тарау. Железин ауданының Құрмет грамотасын тапсыру тәртібі

6 6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім аудан мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасына аудандық мәслихаттың төрағасы және аудан әкімі қол қояды.
Құрмет грамотасын тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.

7 7. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлға тапсырады.

8 8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша алдын ала қарастыру және ұсыныстарды дайындау үшін келіп түскен құжаттар аудан мәслихаты жанында құрылған әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жолданады.

9 9. Наградтау бойынша материалдар Железин ауданының мәслихатында сақталады.

Қолданыстағы