Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 372 · қабылданған 20.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124763/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 372 ·20.08.2018
20.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 372 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
372
Қабылданған күні
20.08.2018
Көрсетілген редакция
20.08.2018 124763_354013.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ND008044
ЭКБ идентификаторы
124763
Редакция идентификаторы
124763_354013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:28

0 Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Транстелеком» акционерлік қоғамына темір жолдың бойына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту және пайдалану үшін Лисаков қаласының әкімшілік аумағында орналасқан, алаңы 16,10 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы