Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қаулы · № 604 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124779/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 604 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 604 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
604
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 124779_355139.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000604
ЭКБ идентификаторы
124779
Редакция идентификаторы
124779_355139
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:03

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген штат санының бекітілген лимиті шегінде мына:

1 1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»;

2 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын.

2

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Еңбекшілдер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3 3. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

5 5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

ведомстволардың қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:
«3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері» деген бөлімде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 54-1, 228-1-жолдармен толықтырылсын:
«54-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.»;
«228-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.»

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы