Құжат мәтініне өту

Об определении территории для старательства по Актюбинской области

Қаулы · № 324 · қабылданған 18.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124795/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении территории для старательства по Актюбинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 324 ·18.07.2018
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении территории для старательства по Актюбинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 324 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении территории для старательства по Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтарды айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
324
Қабылданған күні
18.07.2018
Көрсетілген редакция
25.12.2019 124795_434492.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18C0005936
ЭКБ идентификаторы
124795
Редакция идентификаторы
124795_434492
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:42

0 Ақтөбе облысы бойынша

кен іздеушілік үшін
аумақтарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің
65, 264-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 наурыздағы № 20-ө «2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілік үшін аумақтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ. Ә. Бекеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2018 жылғы 18 шілдедегі
№ 324 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтар
Пайдалы қазба түрі
Кен орны (ауданы, учаскесі)
Орналасқан жері
Жер қойнауын пайдалану операция түрі
Қысқаша геологиялық ақпарат
Об­лыс, аудан
Ко­ор­ди­нат­та­ры
1
2
3
4
5
6
Ал­тын
Бор­лы кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Мұ­ғал­жар ауда­ны
49˚15'00" - 58˚56'00"
Кен із­де­у­ші­лік
Кен ор­ны 1946 жы­лы анық­тал­ды; 1948 жы­лы оның ау­ма­ғын­да 1:10000 мас­шта­б­та гео­ло­ги­я­лық тү­сі­ру жүр­гі­зіл­ді; 1951 жы­лы Бор­лы кен ор­ны­ның ал­тын кен­ді же­лі­сі­нің қо­ры ба­ға­лан­ған есеп­на­ма жа­сал­ды.
Кен ор­ны Бор­лы ал­тын кен­ді ай­мақ­пен тұ­с­та­сты­рыл­ды және кварц­ты-же­лі­лі түр­де­гі ал­тын-кварц­ты фор­ма­ци­я­ға жа­та­ды. Же­лі сол­тү­стік-шы­ғы­стан қа­рай оң­тү­стік-шы­ғы­сқа қа­рай тік құ­лай со­зы­л­ған. Ал­тын бір­кел­кі ор­на­лас­па­ған.
Ал­тын
Мы­ң­жа­сар кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Мұ­ғал­жар ауда­ны
48˚47' 00" - 58˚58'00"
Кен із­де­у­ші­лік
Кен кө­рі­ні­сі 1957-1959 жыл­дар­да ли­то­хи­ми­я­лық маг­нит­ті және и элек­тро бар­лау тү­сі­ру­лер жүр­гі­зу ба­ры­сын­да анық­тал­ған; 1961 – 1963 ­жж. анық­тал­ған ли­то­хи­ми­я­лық ауыт­қу­лар­ды бұр­ғы­лау ар­қы­лы тек­се­ру ба­ры­сын­да, кө­рін­ген ал­тын­ды ал­ғаш­қы ал­тын­ды же­лі та­был­ды.
1985-89 жыл­дар­да кен кө­рі­ні­сін­де із­деу жұ­мыста­ры жүр­гі­зіл­ді, со­ның нәти­же­сін­де құ­ра­мын­да жүз бөл­шек­тен 2 – 3г/т. дей­ін ал­ты­ны бар 43 кварц­ты же­лі кар­та­ға тү­сі­рі­лі­ді және сы­на­ма­ға алын­ды , ал 4-же­лі­де 9 – 13 г/т. ме­тал бар екен­ді­гі анық­тал­ды.
1991 жы­лы кен ор­нын­да із­деу-ба­ға­лау жұ­мыста­ры жүр­гі­зіл­ді, кен және ал­тын қо­ры 1993 ж. №75 хат­та­ма­мен бе­кі­тіл­ді
Кен­де­ну кварц­ты же­лі­мен бай­ла­ны­сты, пла­гио­гра­нит­тер­дің ин­тру­зи­я­сы­мен бай­ла­ны­с­қан ме­та­со­ма­ти­ка­лық жа­ғы­нан өзгер­ген жы­ны­стар­мен-си­рек. Кен ор­ны ССШ-қа жай­ы­л­ған 4 кварц­ты кен же­лі­сі­нен тұ­ра­ды; жай­ы­лу өл­ше­мі - 16,0 -ден 60,7 м-ге дей­ін, құл­ды­ра­уы - 15 м, кү­ші 0,2 ден 3,8 м-ге дей­ін.
Кен -ал­тын-кварц­ты; ал­тын өл­ше­мі 0,5х1мм-ге дей­ін­гі қа­быр­шақ және жұ­қал­тыр тү­рін­де. Кен ор­ны иге­ріл­ді.
Ал­тын
По­гра­нич­ное кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар ауда­ны
48˚32' 00" - 58˚57'00"
Кен із­де­у­ші­лік
1972 жы­лы 1:10000 мас­шта­б­та ке­шен­ді ГГФ жұ­мыстар жүр­гі­зу нәти­же­сін­де ашыл­ды.
1980 жы­лы жай­ы­л­ған кен ай­мақ­та кре­стел­ген 10-20 м ара­лы­ғын­да 23 ор (847 қ. м.) жа­сал­ды; учас­ке­нің сол­тү­сті­гін­де те­рең­ді­гі 20 м. шурф өтіл­ді, оң­тү­стікте - те­рең­ді­гі 10м шурф. Шурф­тар­дан кен ай­мақ­ты то­лық ке­сіп өт­кен­ге дей­ін, ұзынды­ғы 14-40 м бо­ла­тын ті­лім­дер өтіл­ді. Кен­де­ну кварц­ты же­лі­мен және негіз­гі құ­рам­ның ме­та­со­ма­ти­ка­лық жа­ғы­нан өзгер­ген жы­ны­стар­мен бай­ла­ны­сты; ССШ-қа жай­ы­л­ған 3 кварц­ты кен же­лі­сі­нен тұ­ра­ды; жай­ы­лу өл­ше­мі - 49,0-ден 81 м-ге дей­ін, құл­ды­ра­уы – 19,0 м-ден 40,0 м-ге дей­ін, кү­ші 0,3 -тен 3,3 м-ге дей­ін , ал­тын­ның ор­та­ша мөл­ше­рі есеп­тік бл­ок­тар бой­ын­ша 5,5 г/т -ден 14,5 г/т. дей­ін ауыт­қи­ды. Кен -ал­тын-кварц­ты, ар­се­но­пи­рит, пи­рит және халь­ко­пи­рит си­рек бүр­кі­л­ген.
Ал­тын
Та­сты­сай кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар ауда­ны
49˚ 12' 00" - 59˚18'00"
Кен із­де­у­ші­лік
1979 жы­лы 1:10000 мас­шта­б­та ке­шен­ді ГГФ жұ­мыстар жүр­гі­зу нәти­же­сін­де ашыл­ды.
1980­ жы­лы із­деу жұ­мыста­ры жал­ға­сты­рыл­ды; 1981 ж. қор ҚОК-ның № 25-хат­та­ма­сы­мен бе­кі­тіл­ді.
Кен ор­ны жай­ы­л­ған квар­цит­тер ау­ма­ғын­да ара­сы 30-35 м. ор­лар бой­ын­ша бар­лан­ды, кен ай­мақ құл­ды­ра­уы бой­ын­ша те­рең­ді­гі 27,1 м. шур­ф­пен, оның ті­лім­де­рі­мен 15-25м.те­рең­дік­те және бар­лан­ған ор­дан өт­кен, 6 ең­кей­ті­л­ген ұң­ғы­ма­мен (442 қ.м.) бар­лан­ды.
Кварц­тық же­лі се­ри­я­сы­мен бел­гі­лен­ді, оның ішін­де 4-і өн­ді­рі­стік жа­ғы­нан құн­ды бо­лып та­бы­ла­ды; же­лі ұзынды­ғы 150 м-ге же­те­ді, кү­ші – 2 м-ге дей­ін; кен өл­ше­мі ед­әу­ір аз.
Ал­тын
Ша­наш кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Әй­те­ке би ауда­ны
49˚ 18' 00" - 59˚30'00"
Кен із­де­у­ші­лік
Кен ор­ны 1976 жы­лы 1:50000 мас­шта­б­та гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар жүр­гі­зу нәти­же­сін­де ашыл­ды.
1977-1979­ жж. кен ор­ны ай­ма­ғын­да 1:10000 мас­шта­б­та ал­тын ке­нін із­деу жүр­гі­зіл­ді.
Кен ор­ны Қай­рақ­ты пор­фир түр­лі гра­нит ин­тру­зи­я­сы эн­до­кон­так­ты­лық ай­ма­ғы­мен тұ­с­тас­қан және ме­ри­ди­о­наль­ды жай­ы­л­ған екі кен­ді то­рап­ты; жай­ы­луы бой­ын­ша өл­ше­мі - 50,0 және 20,0 м., құл­ды­ра­уы бой­ын­ша - 23 және 15 м., ор­та­ша кү­ші 1,1 және 1,26 м. Кен-ал­тын-кварц­ты; ал­тын жұ­қа дис­пер­сті және көр­нек­ті, ең үл­кен өл­ше­мі 2 - 3 мм-ге дей­ін.
Ал­тын
Сар­лы­бай кен ор­ны
Ақ­тө­бе об­лы­сы, Шал­қар ауда­ны
48˚ 35' 00" - 58˚57'30"
Кен із­де­у­ші­лік
Кен­де­ну Сар­лы­бай ала­бын­да­ғы гра­ни­то­ид­тар­дың негіз­гі құ­рам­да­ғы вул­ка­нит­тер­мен қа­ты­сты ай­мақ­та­ғы кварц­ты же­лі­мен бай­ла­ны­сты. Кен ор­ны 4 кварц кен­ді же­лі­сі­нен тұ­ра­ды; оның жай­ы­луы бой­ын­ша өл­ше­мі – 75-тен 330 м-ге дей­ін., құ­ла­уы бой­ын­ша– 90 м-ге дей­ін; же­лі­сі­нің кү­ші – 0,1-ден 1,2 м-ге дей­ін. Кен ал­тын-суль­фид-кварц­ты. Ал­тын 1-2 мм-ге дей­ін бо­ла­тын қа­быр­шақ тү­рін­де бай­қал­ған; ал­тын­ның ор­та­ша мөл­ше­рі – 24,92 г/т.

Қолданыстағы