Құжат мәтініне өту

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Актюбинской области

Қаулы · № 325 · қабылданған 18.07.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124796/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Актюбинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 325 ·18.07.2018
15.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Актюбинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 325 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера обеспечения исполнения обязательств по ликвидации последствий старательства за один гектар по Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
325
Қабылданған күні
18.07.2018
Көрсетілген редакция
15.04.2020 124796_455265.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18C0005935
ЭКБ идентификаторы
124796
Редакция идентификаторы
124796_455265
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:42

0 Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 65, 274-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 23 наурыздағы № 20-ө «2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберсін;

3 3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

8 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2018 жылғы 18 шілдеде
№ 325 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету көлемі
Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі Қамтамасыз ету мөлшері 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар үшін жұмыстарына жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық көлемінде төмендегі формуламен анықталады.
О1=6940×АЕК×10%
мұндағы:
О1 - есепті қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш, республикалық бюджет заңы бойынша қаржылық жылға сәйкес бекітілген.

Қолданыстағы