Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О повышении базовой налоговой ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых участков) Тюлькубасского района

Өзге акт · № 30/3-06 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124873/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О повышении базовой налоговой ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых участков) Тюлькубасского района Күшін жойған 13.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О повышении базовой налоговой ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых участков) Тюлькубасского района

Күшін жойған Өзге акт № 30/3-06 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О повышении базовой налоговой ставки на земли населенных пунктов (за исключением придомовых участков) Тюлькубасского района
Атауы (қаз.)
Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30/3-06
Қабылданған күні
14.09.2018
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2019
Көрсетілген редакция
13.05.2026 124873_827216.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UN004753
ЭКБ идентификаторы
124873
Редакция идентификаторы
124873_827216
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Түлкібас ауданының елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелерін арттыру туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 510-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түлкібас аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 21 тамыздағы №18/4-05 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2379 тіркелген) Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 бабында белгіленген елді мекендердің жеріне (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) арналған базалық салықтық мөлшерлемелері арттырылсын:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13 аймақтарда, автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға.

2. «Түлкібас аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген кұнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.