О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата города Актобе и решения маслихата города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые совместные постановления акимата города Актобе и решения маслихата города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 366
- Қабылданған күні
- 28.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2018 124892_355899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CA000210
- ЭКБ идентификаторы
- 124892
- Редакция идентификаторы
- 124892_355899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:23
0 Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 139 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 272 «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5901 болып тіркелген), Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 166 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 281 «Ақтөбе қаласының құрылған аудандарына атау беру туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5908 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы бірлескен қаулысының және шешімінің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен қаулыны және шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен қаулыны және шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бірлескен қаулыны және шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе қалалық әкімдігінің
2018 жылғы «28» тамыздағы № 5464а
бірлескен қаулысына және
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2018 жылғы «28» тамыздағы № 366
шешіміне қосымша
Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына
және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1
1. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 868 қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 60 «Ақтөбе қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау, қала аумағындағы елді мекендердің және шағын аудандардың атаусыз көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-87 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырында «Ақтөбе» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
«Благодар селолық округінің» деген сөздері «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының» деген сөздерімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
«селосының» деген сөздері «ауылының» деген сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің 5-тармақта:
«аула» деген сөз «села» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Кеңес Нокин ауылының көшесіне «Достық» атауы берілсін.»;
8-тармақта:
«Қарғалы селолық округінің» деген сөздері «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының» деген сөздерімен ауыстырылсын.
2
2. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 1766 қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 179 «Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және елді мекен кейбір көшелерін қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-117 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 тамызында «Ақтөбе» газетінде жарияланған) бірлескен шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта мына:
«Қарғалы селолық округінің «Ақжар» селосының атаусыз көшелері:» деген жол келесі редакцияда жазылсын:
«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Ақжар ауылының атаусыз көшелері:».
3
3. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 273Ш шешіміне және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 2163Қ «Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-139 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызында «Ақтөбе» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Атаусыз көшелерге:
«Авиатор - 2» орамындағы атаусыз көшеге Сұлтан Аманғосов;
«Заречный - 2» тұрғын алабындағы атаусыз көшеге Ахмет Ескендіров атаулары берілсін.»;
2-тармақта:
«Қарғалы селолық округіндегі» деген сөздері «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданындағы» деген сөздерімен ауыстырылсын.
4
4. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 3573ақ қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 305ш «Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-148 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтарында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшада:
«поселкесіндегі» деген сөз «орамындағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
«селосының» деген сөздері «ауылының» деген сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің 1-тармақтың 11) тармақшада:
«аула» деген сөз «села» деген сөзбен ауыстырылсын;
«имени» деген сөз алып тасталсын.