Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 10 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124898/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 124898_356150.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18ZMD05346
ЭКБ идентификаторы
124898
Редакция идентификаторы
124898_356150
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:03

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылдың 7 тамыздағы № 01-18/595 ұсынысы негізінде Лубен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округінің Оңтүстік-Шығыс бағыттағы бөлігіндегі мүйізді ірі - қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Лубен ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5143 тіркелген, 2018 жылдың 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Лубен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы