Құжат мәтініне өту

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жалагашского района

Өзге акт · № 28-3 · қабылданған 11.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124924/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жалагашского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 28-3 ·11.09.2018
21.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жалагашского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 28-3 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жалагашского района
Атауы (қаз.)
Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28-3
Қабылданған күні
11.09.2018
Көрсетілген редакция
21.10.2019 124924_424752.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18LF006442
ЭКБ идентификаторы
124924
Редакция идентификаторы
124924_424752
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:16

0 Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы

“Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (әрі қарай - мамандар) отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жыл сайын біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

2 2. Мамандарға әлеуметтік қолдауды тағайындауды “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай –уәкілетті орган) жүзеге асырады.

3

3. Әлеуметтік қолдау алу үшін мамандар уәкілетті органға немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 23-қосымшасымен бекітілген “Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

4 4. Әлеуметтік қолдау мамандар қажетті құжаттардың топтамасын ұсынғаннан кейін тағайындалып, ағымдағы жылдың қаржыландыру жоспарына сәйкес төленеді.

5 5. Жалағаш аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1

1) “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы №33-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4702 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде, 2014 жылғы 23 маусымда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

2

2) “Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 маусымдағы №33-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 қарашадағы №39-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4807 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсанда “Жалағаш жаршысы” газетіне, 2014 жылғы 19 желтоқсанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған жарияланған).

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы