Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 207 · қабылданған 25.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124928/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 207 ·25.09.2018
18.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 207 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
207
Қабылданған күні
25.09.2018
Көрсетілген редакция
18.02.2019 124928_390632.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18THA04245
ЭКБ идентификаторы
124928
Редакция идентификаторы
124928_390632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:07

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының және 37 бабының 8 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 13 маусымдағы №12-11/104 ұсынысы негізінде Құрманғазы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, «Жумабек» шаруа қожалығының орналасқан аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

3

3. Құрманғазы ауылдық округ әкімінің 2018 жылғы 5 шілдедегі №140 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4207 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
«Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры Г.Мутиева
«25» қыркүйек 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Құрманғазы аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы К.Утаров
«25» қыркүйек 2018 жыл

Қолданыстағы