Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района

Өзге акт · № 27/190-VI · қабылданған 06.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-124967/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/190-VI ·06.09.2018
02.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 27/190-VI · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района
Атауы (қаз.)
Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27/190-VI
Қабылданған күні
06.09.2018
Көрсетілген редакция
02.07.2020 124967_474529.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VF000180
ЭКБ идентификаторы
124967
Редакция идентификаторы
124967_474529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:18

0 Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс

істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,733 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге сомасында көрсетіледі.

2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – «Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;

2

2) әлеуметтік қолдауды алу үшін жеке тұлға (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) еркін нысандағы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады;

3 3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша кенттік, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

4 4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартуға негіз болады:

өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы;
берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Аягөз ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

3

3. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 тамыздағы № 28/195-V шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3477 нөмірімен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 24 қыркүйегінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы