О переименовании некоторых улиц села Чигириновка Чигириновского сельского округа Щербактинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц села Чигириновка Чигириновского сельского округа Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округінің Чигиринов ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 09-р
- Қабылданған күні
- 14.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2018 124995_358202.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PMN06073
- ЭКБ идентификаторы
- 124995
- Редакция идентификаторы
- 124995_358202
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:13
0 Шарбақты ауданы
Чигиринов ауылдық округінің
Чигиринов ауылындағы кейбір
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылының көшелері:
«Молодежная» көшесі «Жастар» көшесіне;
«Целинная» көшесі «Тың» көшесіне;
«Советов» көшесі «Кеңес» көшесіне;
«Колхозная» көшесі «Достық» көшесіне қайта аталсын;
«Абая» көшесі «Абай» көшесіне, «Джамбула» көшесі «Жамбыл» көшесіне болып транскрипциялары өзгертілсін.