Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение твердых бытовых отходов по городу Риддеру
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию и захоронение твердых бытовых отходов по городу Риддеру
- Атауы (қаз.)
- Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/3-VI
- Қабылданған күні
- 12.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2019 125031_395330.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VD000178
- ЭКБ идентификаторы
- 125031
- Редакция идентификаторы
- 125031_395330
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:15
0 Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14285 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Риддер қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жаратуд және көмудің келесі тарифтері бекітілсін:
1 1) жеке тұлғалар үшін – бір адамға айына 243 (екі жүз қырық үш) теңге;
2 2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін - бір кубтік метр үшін – 1774 (бір мың жеті жүз жетпіс төрт) теңге.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1
1) Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, тиеп шығаруға, көмуге және жоюға тарифтерді бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3209 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінің 2014 жылы 04 сәуірдегі санында жарияланған);
2
2) Риддер қалалық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 2/5-VI «Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 24/8-V «Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4511 тіркелген, 2016 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).