Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа

Қаулы · № 197 · қабылданған 27.08.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125033/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа Қолданыста Қаулы ·№ 197 ·27.08.2018
01.01.2020 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа

Қолданыста Қаулы ·№ 197 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета годовой эффективной ставки вознаграждения по договору займа
Атауы (қаз.)
Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
27.08.2018
Көрсетілген редакция
01.01.2020 125033_434122.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017464
ЭКБ идентификаторы
125033
Редакция идентификаторы
125033_434122
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:24

0 Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

4 4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 197 қаулысымен
бекітілген
Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 725-1 бабына сәйкес қарыз алушы-жеке тұлғамен жасалатын қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртiбiн белгілейді.
Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – Қағидаларға сәйкес есептелетін, қарыз шарты бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі;

2 2) қарыз – қарыз берушінің ақша немесе тектік белгілерімен айқындалған заттай нысанда қарыздар беруі, оның ішінде төлемнің мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу арқылы берілген қарыз;

3 3) қарыз алушы – қарыз берушімен қарыз шартын жасасқан, дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға;

4 4) қарыз беруші – банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлға.

2 2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарыз шартында көрсетіледі.

3 3. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу:

1 1) қарыз шарты жасалған күні;

2 2) қарыз шартына қосымша келісім жасау арқылы қарыз шартына қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.

4

4. Қарыз шартында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруін қоса алғанда, қарыз шартына қосымша келісім жасау арқылы қарыз шартына қарыз алушының ақшалай міндеттемелері сомасының (мөлшерінің) және (немесе) оларды төлеу мерзімінің өзгеруіне әкеп соқтыратын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қарыз беруші қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін негізгі борыштың қалдығы, қарыз шартының талаптары өзгертілетін күндегі қарызды өтеудің қалған мерзімі, қарыз алушы төлеуге тиіс комиссиялар мен өзге төлемдер негізінде есептейді және қарыз шартына қосымша келісімде көрсетеді.

2 2-тарау. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу

5 5. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда:
n - қарыз алушыға соңғы төлемнің реттік нөмірі;
j - қарыз алушыға төлемнің реттік нөмірі;
Sj - қарыз алушыға j-ші төлем сомасы;
APR - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;
tj - қарыз берілген күннен бастап қарыз алушыға j-ші төлем сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен);
m - қарыз алушының соңғы төлемінің реттік нөмірі;
і - қарыз алушы төлемінің реттік нөмірі;
Pi - қарыз алушының і-ші төлемінің сомасы;
ti - қарыз берілген күннен бастап қарыз алушының і-ші төлемі сәтіне дейінгі уақыт кезеңі (күндермен).

6 6. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз алушының негізгі борыш және сыйақы бойынша барлық төлемдері, сондай-ақ қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңіндегі комиссиялар мен өзге де төлемдер кіргізіледі.

7 7. Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің есебіне қарыз сомасын қайтару және (немесе) қарыз шарты бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл) қосылмайды.

8 8. Қарыз алушының қарыз берушіге жасаған төлемдері және қарыз берушінің қарыз алушыға жасаған төлемдері олар нақты жүзеге асырылған күндерге, болашақтағылары – төлемдер кестесі (бар болса) бойынша есепке алынады.

9 9. Егер жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде алынған сан бір ондық белгіден асатын болса, ол мынадай түрде ондық үлеске дейін дөңгелектенуге тиіс:

1 1) егер жүздік үлес 5-тен артық немесе оған тең болса, оныншы үлес 1-ге өседі де, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады;

2 2) егер жүздік үлес 5-тен кем болса, оныншы үлес өзгеріссіз қалады, одан кейінгі барлық белгілер алып тасталады.

10

10. Қағидалардың ережелері егер мұндай шарт бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау борыш есебіне ақша беру арқылы, ал сыйақыны, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар мен қарыз шартында көзделген өзге де төлемдерді төлеу және олардың мөлшері ақшалай нысанда жүзеге асырылса, мәні тектік белгілері бойынша айқындалған заттар болып табылатын қарыз шартына қолданылады.
Көрсетілген жағдайда жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін қарыз сомасы (не қарыз алушыға төлем) ретінде қарыз шартының тараптары айқындаған заттардың қарыз алушыға беру күніндегі құны болады.

Қолданыстағы