Қолданыстағы ред. 07.04.2002

Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы от 07.04.2002 г. № 209 (Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы)

0

Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандық мемлекеттік мекемелер - жұмыспен қамту орталықтары, олардың іс пен мүлікті басқару жөніндегі міндеттері мен өкілеттігін тиісті аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне беру арқылы жойылсын.

2

2. Аудан әкімдері:

1

1) жою комиссиялар құрсын және жою рәсімдерін қолданыстағы заңнамада қаралған мерзімдері мен тәртіпте жүргізуін қамтамасыз етсін;

2

2) қызметкерлерді алдағы жою туралы ескертсін және әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақы төлемдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес камтамасыз етсін;

3

3) аудандық еңбек және халықты әлеуметтік корғау бөлімдерінің құрылымдары мен Ережелерін қайта бекітсін және облыстық әділет басқармасында мемлекеттік қайта тіркеуде бір ай мерзім ішінде өтуін қамтамасыз етсін;

4

4) 2002 жылғы 20 сәуірге дейін аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлері мен жеңіл автокөліктер санының лимиттері бойынша Қызылорда облыстық әкімиятының 2001 жылғы 5 шілдедегі № 47 «Әкімдер аппаратының, олардың атқарушы органдарының қызметкерлері, қызметтік жеңіл автокөліктері санының лимиті туралы» қаулысының 2 тармағына өзгерістер енгізуге ұсыныс берсін.

3

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.