Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік мекемелер - жұмыспен қамту орталықтары, олардың іс пен мүлікті басқару жөніндегі міндеттері мен өкілеттігін тиісті аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне беру арқылы жойылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) жою комиссиялар құрсын және жою рәсімдерін қолданыстағы заңнамада қаралған мерзімдері мен тәртіпте жүргізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) қызметкерлерді алдағы жою туралы ескертсін және әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақы төлемдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес камтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) аудандық еңбек және халықты әлеуметтік корғау бөлімдерінің құрылымдары мен Ережелерін қайта бекітсін және облыстық әділет басқармасында мемлекеттік қайта тіркеуде бір ай мерзім ішінде өтуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) 2002 жылғы 20 сәуірге дейін аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлері мен жеңіл автокөліктер санының лимиттері бойынша Қызылорда облыстық әкімиятының 2001 жылғы 5 шілдедегі № 47 «Әкімдер аппаратының, олардың атқарушы органдарының қызметкерлері, қызметтік жеңіл автокөліктері санының лимиті туралы» қаулысының 2 тармағына өзгерістер енгізуге ұсыныс берсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.