Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Курмангазинского района Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении зон рекреационного рыболовства на водных объектах Курмангазинского района Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 286
- Қабылданған күні
- 14.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 125072_639895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18TH004253
- ЭКБ идентификаторы
- 125072
- Редакция идентификаторы
- 125072_639895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:13
0 Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 5-8) тармақшасына сәйкес су объектілерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін пайдалану мақсатында, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары ортақ су пайдалану талаптарын ескере отырып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 286 қаулысына қосымша
Атырау облысы Құрманғазы ауданының су объектілеріндегі рекреациялық балық аулау аймақтары
1) Қиғаш ауылдық округіндегі Қиғаш ауылына қарсы, Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен N46040.376/ Е047016/199// координаттарымен, «Кордуан» мекеніне (ескі шіркеу ғимараты) дейінгі учаске N46040.307/ Е047016.304// координаттарымен;
2) Қиғаш өзенінің оң жағасы бойымен, Көптоғай ауылдық округіндегі Көптоғай ауылының солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N46036.084// Е048036/935// координаттарымен, ағыс бойымен төмен Балықшы ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N46036.240// Е048039.318// координаттарымен;
3) Шортанбай ауылдық округіндегі Шортанбай ауылының қасында Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен паром өтетін жерден бастап N46036.653// Е048039.134// координаттарымен, «Зимник» өзекшесі арқылы көпірге дейінгі учаске N46035.949// Е048039.556// координаттарымен;
4) Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен, Шортанбай ауылдық округіндегі Жасталап ауылының қасындағы паром өтетін жерден бастап N46034.043/ Е048040.298/ координаттарымен, Жасталап ауылының оңтүстіктегі соңғы нүктесіне дейінгі учаске N46033,866/ Е048042.041/ координаттарымен;
5) Қиғаш өзенінің сол жағасы бойымен, Бөкейхан ауылдық округіндегі Бөкейхан ауылының («Майауыл» елді-мекені) солтүстіктегі соңғы нүктесінен бастап N46033,102/ Е048044,911/ координаттарымен, ағыс бойымен төмен «Дамбы» ұйықтық учаскесінің ойығына дейінгі учаске N46028.818/ Е048049,959/ координаттарымен;