Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района

Өзге акт · № 30-3 · қабылданған 18.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125075/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об оказании социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 30-3 ·18.09.2018
21.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30-3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30-3
Қабылданған күні
18.09.2018
Көрсетілген редакция
21.09.2020 125075_484666.kaz
Соңғы өзгеріс
21.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VK000168
ЭКБ идентификаторы
125075
Редакция идентификаторы
125075_484666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:12

0 Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде

тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік
ұйымдардың мамандарына әлеуметтік
көмек көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет 2020 жылы 11.733 айлық есептік көрсеткіш (31104 теңге) мөлшерде көрсетіледі.

2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік көмек көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) жүзеге асырады;

2

2) Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлға немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі еркін түрде өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттарды береді.

3 3) әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік көмекті тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, қызметті берушіге жүгінген кезде – қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

4 4) әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға негіз болады:

өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес болмауы;
Зайсан ауданынан тыс ауылды жерде тұруы.

3

3. «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Зайсан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №20-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5401 нөмірмен тіркелген, 2018 жылы 20 қаңтарда «Достық» газетінде және 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы