Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского вклада

Қаулы · № 194 · қабылданған 27.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125078/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского вклада Күшін жойған 03.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского вклада

Күшін жойған Қаулы № 194 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления, условий действия плавающей ставки вознаграждения по договорам банковского вклада
Атауы (қаз.)
Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын, оның қолданылу шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
194
Қабылданған күні
27.08.2018
Көрсетілген редакция
03.04.2026 125078_817016.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017493
ЭКБ идентификаторы
125078
Редакция идентификаторы
125078_817016
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Банктік салым шарттары бойынша

құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидаларын,
оның қолданылу шарттарын бекіту туралы
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары бекітілсін.

2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет - ресурсына орналастыруды;

4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және

3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 тамыздағы
№ 194 қаулысымен
бекітілді
Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары

1. Осы Банктік салым шарттары бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары, оның қолданылу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдары (бұдан әрі – банк) үшін жеке және заңды тұлғалармен жасалатын мерзімді немесе жинақ салымдары шарттары (бұдан әрі – шарт) бойынша құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі мен қолданылу шарттарын айқындайды.

2. Құбылмалы сыйақының мөлшерлемесі базалық көрсеткіш пен пайыздық спрэд мөлшерлемесінің қосындысы ретінде айқындалады.

3. Шарттар бойынша базалық көрсеткіш ретінде мына көрсеткіштердің бірі пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес белгілейтін базалық мөлшерлеме;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасы саласындағы уәкілетті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабына сәйкес жария ететін инфляцияның деңгейі;
Tenge OverNight Index Average (TONIA) мөлшерлемесі – қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзімімен репоны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме;
Tenge Week Index Average (TWINA) мөлшерлемесі – қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында күнтізбелік 7 (жеті) күн мерзімімен репоны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.

4. Пайыздық спрэд пайыздық тармақпен есептелетін номиналды шамада көрсетіледі және банк шартты жасасқан кезде белгілейтін белгіленген мәнді білдіреді, пайыздық спрэдтің мөлшерін ұлғайту және (немесе) салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда, ол өзгертілмейді.

5. Егер шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде құбылмалы мөлшерлеменің мәні теріс мән болса, онда оның мәні нөлге тең болып қабылданады.

6. Шарттың қолданылу кезеңінде банк құбылмалы сыйақы мөлшерлемесін есептеу үшін пайдаланылатын базалық көрсеткішті ескере отырып, шарттың талаптарына сәйкес құбылмалы сыйақының мөлшерлемесін қайта қарайды.