О снятии карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 406
- Қабылданған күні
- 10.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2018 125110_358947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VM000149
- ЭКБ идентификаторы
- 125110
- Редакция идентификаторы
- 125110_358947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:56
0 Карантинді тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – бабының 2 – тармағының 10) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабының 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы № 117 ұсынысы негізінде, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің «Полив» учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің «Подбелок» учаскесінде ірі қара мал арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2
2. «Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің «Полив» учаскесінде, Алтынбел ауылдық округінің «Подбелок» учаскесінде карантин белгілеу туралы» Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 363 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-13-148 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.