Құжат мәтініне өту

О переименовании улиц села Бегень Бегенского сельского округа Бескарагайского района

Өзге акт · № 1 · қабылданған 02.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125114/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О переименовании улиц села Бегень Бегенского сельского округа Бескарагайского района Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·02.10.2018
02.10.2018 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании улиц села Бегень Бегенского сельского округа Бескарагайского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании улиц села Бегень Бегенского сельского округа Бескарагайского района
Атауы (қаз.)
Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
02.10.2018
Көрсетілген редакция
02.10.2018 125114_359191.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VGC00135
ЭКБ идентификаторы
125114
Редакция идентификаторы
125114_359191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:01

0 Бесқарағай ауданы Беген ауылдық

округінің Беген ауылының көшелерінің
атауларын қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде және Беген ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Беген ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1 1. Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округінің Беген ауылының көшелері қайта аталсын:

1 1) «Ленин» көшесі «Мұхтар Әуезов» көшесіне;

2 2) «Советская» көшесі «Дінмұхамед Қонаев» көшесіне.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде оның көшірмелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бесқарғай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

4 4) осы шешімнің оның ресми жарияланғанынан кейін Бесқарағай ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы