Об утверждении Типового положения о комиссии по распределению сжиженного нефтяного газа, выделенного в рамках плана поставки вне товарных бирж
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о комиссии по распределению сжиженного нефтяного газа, выделенного в рамках плана поставки вне товарных бирж
- Атауы (қаз.)
- Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 372
- Қабылданған күні
- 14.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 125117_722334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017541
- ЭКБ идентификаторы
- 125117
- Редакция идентификаторы
- 125117_722334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:13
0 Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4
4. Осы бұйрық Үлгілік ереженің 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, Үлгілік ереженің 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Үлгiлік ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
1 Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы «14» қыркүйектегі
№ 372 бұйрығымен
бекітілген
Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 18-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2
2. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Үлгілік ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3 3. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылады.
2 2-тарау. Комиссияның міндеті мен функциялары
4 4. Комиссияның міндеті тиісті жергілікті атқарушы органға өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің алушылары арасында бөлу бойынша ұсынымдар беру болып табылады.
5 5. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) Заңның 27-1-бабының 5-тармағында көрсетілген тұлғалар ұсынған сұйытылған мұнай газын беруге арналған өтінімдерді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын болжамды тұтынуды ескере отырып, олардың негізділігі тұрғысынан бөлу жобасын қарайды;
2 2) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын мақұлдайды не оны өзгерту қажеттігі туралы тиісті жергілікті атқарушы органға хабарлайды.
3 3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібі
6 6. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссияның жұмыс органы қызметкерлерінің арасынан анықталады және оның мүшесі болып табылмайды.
7 7. Комиссия тұрақты орган болып табылады және мүшелердiң тақ санынан тұрады, бірақ бес адамнан кем емес.
8 8. Жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
9 9. Комиссияны жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен және сұйытылған мұнай газын өткізумен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, басқа да тұлғалардан құрады.
9-1 9-1. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын (мерзім Комиссия құрамы бекітілген күннен бастап есептеледі) Комиссия құрамын қайта қарайды және өзектендіреді.
9-2 9-2. Комиссияны құру кезінде жергілікті атқарушы орган мүдделер қақтығысына жол бермеуді қамтамасыз етеді.
10 10. Жергілікті атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
11 11. Комиссияның отырыстарын оның төрағасы не төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады.
11-1 11-1. Комиссия отырыстары отырыс күніне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия мүшелерінің атына мыналарды жібере отырып шақырылады:
1 1) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш берушілердің өтінімдері;
2 2) жоспарланған кезеңге бөлу жобасы;
3 3) Комиссия отырысы хаттамасының жобасы;
4 4) өтініш берушілер арасында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу есептеулері.
11-2 11-2. Комиссия отырыстары төрағаның шешімі бойынша күндізгі нысанда және (немесе) қолжетімді онлайн-сервистерді пайдалана отырып, онлайн форматта өткізіледі.
Аралас режимде қолжетімді онлайн-сервистерді бір уақытта қолдана отырып, күндізгі формат қолданылады.