Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы

Өзге акт · № 259 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125121/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы Күшін жойған Өзге акт ·№ 259 ·14.09.2018
28.08.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 259 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
259
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
28.08.2024 125121_719218.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18R0001503
ЭКБ идентификаторы
125121
Редакция идентификаторы
125121_719218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0 Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 605-бабына сәйкес VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2

2. «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекті) жарнамаларды орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемдер ставкаларын бекіту туралы» IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІV сессиясының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 164 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 803 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.А. Мәкежановқа (келісім бойынша) жүктелсін.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Алматы қаласы

мәслихатының 2018 жылғы
14 қыркүйектегі № 259
шешіміне қосымша
Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері
Р/с

Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
Ай сайын
«А» санаты
«В» санаты
1
2
3
4
1.
Сыртқы (көрнекi) жарнама 2 ш. м-ге. дейін
4
2
2.
Лайтбокстар (сити-форматтағы)
6
3
3.
Ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама:
3.1.
2-ден 5 ш. м-ге. дейін
10
5
3.2.
5-тен 10 ш. м-ге. дейін
20
10
3.3.
10-нан 20 ш. м-ге. дейін
40
20
3.4.
20-дан 30 ш. м-ге. дейін
60
30
3.5.
30-дан 50 ш. м-ге. дейін
100
50
3.6.
50-ден 70 ш. м-ге. дейін
140
70
3.7.
70 ш. м-ден жоғары
200
100
4.
Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):
4.1.
30 ш. м-ге дейін
30
30
4.2.
30 ш. м-ден жоғары
50
50
5.
Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:
5.1.
5 ш. м-ге дейін
1
1
5.2.
5-тен 10 ш. м-ге дейін
2
2
5.3.
10 ш. м-ден жоғары
3
3
6.
Уақытша типтегі дүңгіршектер мен павильондардағы сыртқы (көрнекі) жарнама:
6.1.
2 ш. м-ге дейін
2
2
6.2.
2-ден 5 ш. м-ге дейін
2
2
6.3.
5-тен 10 ш. м-ге дейін
3
3
6.4.
10 ш. м-ден жоғары
8
8
7.
Жылжымалы жайма жарнама
10
10
Санаттар бойынша Алматы қаласының негізгі алаңдары мен магистральдарының тізбесі:
«А» санаты: Достық даңғылынан бастап «Медеу» мемлекеттік саябағының шекарасына дейін, Достық – Әл-Фараби трассасы, Райымбек даңғылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, Құрманғазы Сағырбайұлы көшесі, Абай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Достық даңғылы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Республика алаңы, «Астана» алаңы, «Самал-1» шағын ауданы, «Самал-2» шағын ауданы, «Самал-3» шағын ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесі, Сүйінбай Аронұлы даңғылы, Жұмағали Саин көшесі, Сәкен Сейфуллин даңғылы, Бекен Жамақаев көшесі, Александр Пушкин көшесі, Тайыр Жароков көшесі, Қаныш Сәтбаев көшесі, Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі, Ахмет Байтұрсынов көшесі, Ыбырай Алтынсарин даңғылы,Тұрар Рысқұлов даңғылы, Желтоқсан көшесі, Николай Гоголь көшесі, Жібек Жолы даңғылы, Жамбыл Жабайұлы көшесі, Қабанбай батыр көшесі, Қарасай батыр көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Төле би көшесі, Қазыбек би көшесі, Әйтеке би көшесі, Мұқағали Мақатаев көшесі, Бейімбет Майлин көшесі, Өтеген батыр көшесі, Юрий Гагарин даңғылы, Богдан Хмельницкий көшесі, Солтүстік шеңбер көшесі, Абдолла Розыбакиев көшесі, Шәмші Қалдаяқов көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Климент Тимирязев көшесі, Ораз Жандосов көшесі, Мағазы Масанчи көшесі, Мәншүк Мәметова көшесі, Тұрғыт Озал көшесі, Өмірбек Жолдасбеков көшесі, Малбағар Мендіқұлов бульварі, Иван Панфилов көшесі (Әл-Фараби даңғылынан төмен), Махатма Ганди көшесі, Мұхтар Әуезов көшесі, Әлішер Науаи көшесі, Іліяс Жансүгіров көшесі, Федор Шаляпин көшесі, Ғани Мұратбаев көшесі, Иса Байзақов көшесі, Манас көшесі, Тарас Шевченко көшесі, автокөлік жолайрықтары, әуежай, автовокзал және темір жол вокзалы, спорттық шаралар және бұқаралық-мәдени демалыс орындары, қалаға кіре берістер мен шыға берістер.
«В» санаты: «А» санатына кірмеген барлық магистральдар, алаңдар және көшелер.

Қолданыстағы