Құжат мәтініне өту

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района

Өзге акт · № 25/219-VI · қабылданған 12.09.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125140/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/219-VI ·12.09.2018
29.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25/219-VI · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жарминского района
Атауы (қаз.)
Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/219-VI
Қабылданған күні
12.09.2018
Көрсетілген редакция
29.05.2020 125140_467033.kaz
Соңғы өзгеріс
29.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VJ000154
ЭКБ идентификаторы
125140
Редакция идентификаторы
125140_467033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:15

0 Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге көлемінде көрсетіледі.

2 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

1 1) әлеуметтік қолдау көрсетуді тағайындауды уәкілетті орган – «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – қызмет беруші) жүзеге асырады;

2

2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына» – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) еркін түрде өтінішпен қызмет көрсетушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне жүгінеді және келесі құжаттарды береді:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет);
жұмыс орнынан анықтама;
екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтық құжат;

3 3) әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

4 4) әлеуметтік қолдау көрсетуден бас таруға негіз болады:

өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы;
берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;
Жарма ауданынан тыс ауылды жерде тұруы;
лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;
ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

3

3. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 23/202-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3548 болып тіркелген, «Қалба тынысы» газетінің 2014 жылғы 20 қарашасында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 21 қарашасында жарияланған) шешімінің және «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 23/202-V шешіміне өзгірістер енгізу туралы» Жарма аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 14/123-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5227 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қарашасындағы, «Қалба тынысы» газетінде 2017 жылғы 20 қазанындағы жарияланған) шешімінің күштері жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы