Құжат мәтініне өту

О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Караганды»

Қаулы · № 646 · қабылданған 16.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125172/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Караганды» Қолданыста Қаулы ·№ 646 ·16.10.2018
03.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Караганды»

Қолданыста Қаулы ·№ 646 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Караганды»
Атауы (қаз.)
«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
646
Қабылданған күні
16.10.2018
Көрсетілген редакция
03.06.2022 125172_578270.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000646
ЭКБ идентификаторы
125172
Редакция идентификаторы
125172_578270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:54

0 «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚМУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.

2 2. Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі «ҚМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) «ҚМУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;

2 2) «ҚМУ» КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және «ҚМУ» КеАҚ органдары құрылғанға дейін үшінші тараптың алдында олардың мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;

3 3) «ҚМУ» КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4 4) «ҚМУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;

5 5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 646 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-19-жолмен толықтырылсын:
«214-19. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-22-жолмен толықтырылсын:
«227-22. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».

3

4 4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 4 және 21-жолдар алып тасталсын;
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-жолмен толықтырылсын:
«12. «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.».

Қолданыстағы