О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Астана»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О вопросах создания некоммерческого акционерного общества «Медицинский университет Астана»
- Атауы (қаз.)
- «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 648
- Қабылданған күні
- 16.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.10.2018 125174_360474.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000648
- ЭКБ идентификаторы
- 125174
- Редакция идентификаторы
- 125174_360474
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:53
0 «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «АсМУ» КеАҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Жоғары білім беру, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі, стационарлары және жалпы дәрігерлік практикасы бар басқа да емдеу мекемелерінің қызметі «АсМУ» КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) «АсМУ» КеАҚ жарғысын бекітуді;
2 2) «АсМУ» КеАҚ атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тұлғалардың алдында оның мүддесін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды;
3 3) «АсМУ» КеАҚ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4 4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне «АсМУ» КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;
5 5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 16 қазандағы
№ 648 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
21-119-жолмен жазылсын:
«21-119. «Астана медицина университеті» КеАҚ».
2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 227-7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«227-7. «Астана медицина университеті» КеАҚ».
3 3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 16, 41-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«4. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы».