Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения учета гарантированной государством юридической помощи, адвокатами, предоставляющими такую помощь

Бұйрық · № 1465 · қабылданған 28.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-125176/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения учета гарантированной государством юридической помощи, адвокатами, предоставляющими такую помощь Қолданыста Бұйрық ·№ 1465 ·28.09.2018
28.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения учета гарантированной государством юридической помощи, адвокатами, предоставляющими такую помощь

Қолданыста Бұйрық ·№ 1465 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения учета гарантированной государством юридической помощи, адвокатами, предоставляющими такую помощь
Атауы (қаз.)
Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1465
Қабылданған күні
28.09.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2018 125176_360197.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017530
ЭКБ идентификаторы
125176
Редакция идентификаторы
125176_360197
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:02

0 Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген

заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңының 28-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу Қағидалары бекітілсін.

2 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары

Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1465 бұйрығы
Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген
заң көмегін есепке алуды жүргізу қағидалары

1

1. Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және адвокаттармен көрсетілетін мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

2

2. Адвокаттармен көрсетілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізуге құқықтық ақпарат беру, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру, клиентпен қолданыстағы немесе ықтимал құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылатын кез келген тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауда клиенттің заңды мүдделерін қорғау үшін өзге құқықтық әрекеттер жасау түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі, жатады.

3

3. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды осындай көмек ұсынған адвокатпен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу тізілімінде, осы қағидаға қосымша жалғанған нысанға сәйкес (бұдан әрі – тізілім) қағаз және электронды жеткізгіште мемлекеттік не (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.

4 4. Мәліметтер мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жүгінген күнмен тізілімге енгізілуі тиіс.

5

5. Қағаз жеткізгіште жасалған тізілім журнал болып табылатын мемлекеттік және орыс тілдерінде қара немесе көк түсті сиямен толтырылады және нөмірленеді, тігіледі және заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің мөрімен, немесе кәсіптік қызметті заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара жүзеге асыратын адвокаттың мөрімен бекітіледі. Тізілім жазбаларын түзетуге сұйықтық қолданумен тазартуға жол берілмейді.

6 6. Қағаз жеткізгіште толтырылған тізілім сәйкесінше заң консультациясының, адвокат кеңсесінің, немесе кәсіптік қызметті заңды тұлғаны тіркеместен, жеке-дара адвокат қызметімен айналысатын адвокатта үш жыл бойы сақталу тиіс.

7 7. Электронды тізілімде қамтылған мәліметтер, жария етілмейтін адвокаттық құпиямен қорғалатын ақпараттан басқа, адвокатпен заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

1 Адвокаттармен көрсетілетін мемлекет

кепілдік берген заң көмегін есепке алуды жүргізу Қағидаларына қосымша
Нысан
№ р/п
тұлғаның мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жүгінген күні
мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері
құқықтық мәселенің мәні
көрсетілген мемлекет кепілдік берген заң көмегінің нысаны (соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру)
мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыс жасау уақытының ұзақтығы
тізілім қағаз жеткізгіште толтырылған жағдайда адвокаттың қолы, немесе тізілім электронды жеткізгіште толтырылған жағдайда адвокаттың ЭЦҚ туралы мәліметі
1
2
3
4
5
6
7

Қолданыстағы