О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 702
- Қабылданған күні
- 27.06.2002
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2015 AI12518_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000702_
- ЭКБ идентификаторы
- 12518
- Редакция идентификаторы
- AI12518_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:57
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсiн.
2 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
4 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 702 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. "Мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 328-құжат):
тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттiк өкiлдер енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.
2 2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегi шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 114, 116-жолдар алынып тасталсын.
3 3. "Жекелеген акционерлiк қоғамдарға банктiк қызмет көрсету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):
қаражаттары бiрiншi топтағы банктерде орналастырылуға жататын акционерлiк қоғамдардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
4 4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 9-1-жол алынып тасталсын.
5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6 6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04 N 406 Қаулысымен.
7 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.25 № 1412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8 8. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы
N 1098 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат):
1-тармақ "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" деген сөздердiң алдынан мынадай сөздермен толықтырылсын:
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы",".
13 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 28 маусымдағы
N 702 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi